Ауыр атлетикадағы дау. Ұлттық құрама бас бапкері қызметінен шеттетілді

/image/2021/10/19/crop-10_7_490x871_6cd92d4f386174dc102d18eceedd71c8_xl.jpg

Ауыр атлетика федерациясы ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов қызметінен босатылғанын хабарлады.

"Бұл шешім Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы басшылығының ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына қатысты атлеттер мен жаттықтырушылардан түскен шағымдарды қарау қорытындысы бойынша қабылданды" делінген ресми мәлімдемеді.

Федерация ҚР Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, алдағы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты кезінде ұлттық құрама командасының жаттықтырушылар штабына үміткерлерді іріктеуді арнайы критерийлер негізінде жүргізуге ниетті екенін жеткізді.

Бұған дейін қыркүйек айында 25 жастағы ауыр атлет, Қазақстан чемпионы Альберт Линдер өзіне қол жұмсаған. Артынша қазақстандық ауыратлеттер жаттықтырушылар өздеріне дұрыс қарым-қатынас жасамайтынын айтып, ұжымдық шағым жариялады. Бұған қатысты федерация ішкі тексеру жүргізілетінін хабарлады. Ұзамай ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седов қызметінен шеттетілді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар