Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 20 қазаннан бастап карантин шаралары жеңілдейтіні туралы айтты. Денсаулық министрі бұл туралы үкімет отырысында хабарлады.
2021 жылдың 20 қазанынан бастап:
Келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі.
Түнгі клубтардың қызметі тек "жасыл" мәртебесі бар адамдарға рұқсат етіледі, бірақ:
- толымдылығы 50%-ға дейін, "жасыл аймақта" 100 адамнан артық емес;
- "сары аймақта" 70 адамнан артық емес;
- "қызыл аймақта" 50 адамнан артық емес болуы шарт.
Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің:
- жұмыс уақыты "жасыл аймақта" сағат 03-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - сағат 05-00-ге дейін,
- "сары аймақта" сағат 01-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - сағат 03-00-ге дейін ұзартылады.
Пікір қалдыру