Facebook өзінің корпоративтік атауын "Meta" деп өзгертті. Өзгерістер корпорацияның Facebook, Instagram және Whatsapp сияқты жеке платформаларына қатысты емес, тек оларға иелік ететін бас компанияға ғана қатысты.
Метаверс және Виртуалды шындық (ВШ)
"Meta" сөзі гректің "арғы" деген сөзінен шыққан.
Компания виртуалды шындық сияқты салалар туралы жоспарын жариялады.
Facebook басшысы Марк Цукерберг "метаверс" деген жаңа атауды қолданып, адамдар виртуалды ортада ойын ойнай алатын, жұмыс істей алатын және сөйлесе алатын виртуалды онлайн әлемді құру жоспарын жариялады.
Аутсайдерлер үшін метаверс виртуалды шындық нұсқасы сияқты көрінуі мүмкін, бірақ кейбір адамдар "бұл интернеттің болашағы болуы мүмкін" деп санайды.
Компьютермен салыстырғанда, метаверстегі адамдар виртуалды әлемге кіру үшін гарнитураны пайдаланады.
Цукерберг қазіргі бренд "болашақ былай тұрсын, бүгін жасап жатқанымыздың барлығын көрсете алмайды" деді және оны өзгерту керектігін мәлімдеді.
"Уақыт өте келе, біз метаверсті компания ретінде қалыптасамыз деп үміттенемін. Қазір біз бизнесімізді екі түрлі сегмент ретінде қарастырып, есеп беріп жатырмыз, бірі қолданылмалы жұмысқа арналған, екіншісі болашақ платформалардағы жұмысымыз үшін. Сонымен қатар осының бір бөлігі ретінде біз жасайтын барлық нәрсені қамтитын, өзіміздің кім екенімізді және нені құруға үміттенетінімізді көрсететін жаңа компания брендін қабылдаудың уақыты келді" деді Цукерберг.
Сондай-ақ компания Калифорния штаты Менло Парк штаб-пәтеріндегі бас бармақ жоғары көтерілген "Ұнату" логотипін көк шексіздік пішініне ауыстырған жаңа белгіні ашты.
Ақпаратқа сәйкес, виртуалды әлем барлық салаларда қолданылуы ықтимал. Жұмыс, ойын, концерттер, достармен және отбасымен араласуға дейін, іс жүзінде кез келген нәрсе үшін вертуалды шындық пайдалануға болады.
Facebook 1 желтоқсаннан бастап "MVRS" деп аталатын жаңа акция коды бойынша өз акцияларын сатуды бастауға ниетті екенін де мәлімдеді.
Жарияланған "ішкі құжаттар" туралы дау
Бұған дейін компанияның беделіне нұқсан келетін ақпараттар жарияланған. "The Washington Post" газеті Facebook пандемия кезінде саясаткерлерден маңызды ақпарат жасырғанын хабарлады. Газеттің ақпаратынша, компания вакцина туралы жалған ақпараттарды жасырған.
Facebook-тың бұрынғы қызметкері Фрэнсис Хауген компанияның ішкі құжаттарын жариялап, Facebook-ке қатысты жағымсыз оқиғаларды мәлімдеген.
Хауген "компания пайданы қауіпсіздіктен жоғары қояды" деп жариялады. Бұл – оның БАҚ-қа таратқан "ішкі құжаттар туралы оқиғалар сериясының" соңғысы болды.
Ақпаратқа сәйкес, жасөспірімдердің психикалық денсаулығына Instagram-ның зиян келтіретіні туралы зерттеулер болған және Facebook АҚШ-тан тыс платформаларынан өшпенділік сөздерін жоюға тырысып, зерттеулер жасаған.
Сарапшылар не дейді?
Сарапшылар Цукербергтың бұл қадамы назарды Facebook-тың айналасындағы жағымсыз оқиғалардан басқа жаққа аудару екенін айтады.
Сыншылар "Facebook брендінің жағымсыз имиджі қалыптасып бара жатқан соң, осылай жасалды" деп санайды. Кейбіреулер бұл қадамды "косметикалық өзгеріс" деп сипаттады.
Кейбір сарапшылар "Метаверс әлі жоқ. Цукерберг оның ұзақ мерзімді өнім екенін баса айтты. Сондықтан сіздің негізгі ұсынысыңызға мүлдем қатысы жоқ атау болуы мүмкін. Facebook табысының барлығы дерлік Facebook пен Instagram жарнамасынан түседі" дейді.
Айта кетейік, бұған дейін де басқа ғаламдық тех-компаниялар атын өзгерткенін жариялаған. Дегенмен, көрнекті өзгеріс болмады. Мысалы, Google атауын 2015 жылы "Alphabet"-ке өзгертті. Алайда, Google-дың атын ешкім де "Alphabet" деп атамайды.
Пікір қалдыру