Шымкентте «Қыз жібек» операсы жаңаша сахналанады

/image/2021/10/29/crop-14_404_496x882_whatsapp-image-2021-10-29-at-15.29.56.jpeg

Шымкент қаласының опера және балет театры 30-31 қазан күндері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын қайта жаңартып, көрермен назарына ұсынбақ.

Биыл еліміздің музыкалық-сахна әлеміндегі тұңғыш қазақ операсы «Қыз Жібектің» дүниеге келгеніне – 87 жыл. Бұл опера туындысы барша әлемді селт еткізіп, ықлас-зейінін өзіне бірден тартты. «Қыз Жібек» бүгінгі күні ұлттық опера өнерінде ең ұзақ бақытты өмір кешкен қасиетті туынды!

Ұлттық өнеріміздің алтын қорына енген 2 актілі 4 көріністі опера Шымкентте 2010 жылы А.Алтынбековтың режиссерлігімен сахналанған болатын.

Араға жылдар салып, қойылымды жаңаша стильде қою мақсатында, Шымкент қалалық опера және балет театрына Ресей Федерациясының режиссеры Михаил Панджавидзе арнайы шақыртылды.

Шымкенттіктерге ұсынылатын «Қыз Жібек» операсы өзге нұсқаларынан мүлде бөлек қойылым болмақ. Үздік туынды енді Майра Мұхамедқызы басшылық еткен Шымкент қалалық опера және балет театрында жаңа музыкалық редакцияда, жаңаша бағытта сахналанды.

Сахнада ару Жібекті рөлін Әйкерім Шәріпбек пен жас солист Жұлдызай Мұсаева сомдайды. Төлеген рөлінде Мәдіхан Дуисеев өзінің ән орындау шеберлігімен көрермен көңілінен орын таппақ.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар