Мүлік иелері бірлестігі (МИБ) институтын енгізу мәселелері талқыға түсті

    Айзада Бидан
    Мүлік иелері бірлестігі (МИБ) институтын енгізу мәселелері талқыға түсті Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының ұйымдастыруымен мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) институтын енгізу жөніндегі реформаны іске асыру және 2021-2022 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындық бойынша жиын өтті.

    Аталған іс-шараға аудандық әкімдіктердің және басқа да тиісті мекемелердің қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, ҚР Кооперативтер Ұлттық қауымдастығының президенті Қ.Шайх мүлік иелерінің бірлестігі институтын енгізу бойынша өз пікірін ортаға салды.
    Жиында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында осы бағытта атқарылған жұмыстар баяндалып, тұрғындардың осы салаға қатысты сұрақтарына жауаптар берілді.

    Сондай-ақ, жиында қала тұрғындарының 2021-2022 жылғы жылыту маусымына дайындығы бойынша атқарылған жұмыстар пысықталып, аудан әкімдеріне тұрғындарға тұрмыстық газды пайдалану ережелерін түсіндіру бағытында тиісті шаралар жүргізуге нақты тапсырмалар берілді.

    Қатысты тегтер :

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025