Байден ешкімнің қолынан келмегенді жасады. АҚШ инфраструктурасы толық жаңармақ

/image/2021/11/16/crop-32_11_1045x1859_1758463320_0_321_2313_1622_1920x0_80_0_0_886da2a28671d8132c134c175b57b162.jpg

Байден АҚШ инфраструктурасына 1,2 трлн доллар инвестиция құю туралы Заңға салтанатты жағдайда қол қойды.

Бұл – өте құнды жаңалық. Себебін шамам келгенше түсіндіріп көрейін. Біріншіден, АҚШ-та жолдар, көпірлер, теміржолдар, ЛЭП, басқа да толып жатқан инфраструктуралар бар. Жоқ емес, бар! Қазақстандағыдай Маңғыстау облысына Алматы, Астана түгілі Қызылорда, Ақтөбе облыстарына әлі күнге шейін автомобиль жолы жоқ емес, барсаң жақында салынған Атырау облысы жолы арқылы ғана барасың дегендей. Немесе Үстірттің шаңын аспанға шығарып қара жолмен тартасың.

Мәселе мынада – ол инфраструктураның бәрі де ескірген, тозығы жеткен. Ескірген дегенде бізге тағы да көз алдымызға шегесі былаңдап, ағаштары аяқ басқан сайын сықырлап тұратын ағаш көпірлер елестемеуі керек. Жоқ, олардың бәрі де күтіп-бапталған, сырланған, мерзімінде анкерлік болттары ауыстырылып тұрады. Әлі де жүз жыл тұратыны анық. Олар моральдық тұрғыдан ескірген, қазіргі талапқа жауап бермейді, энергияны көп талап етеді. Сондықтан оларды жаңалау қажет.

Екіншіден, заман талабы өзгерген. Құрылыс саласы қарыштап алға кеткен. Қаншама жаңа материалдар бар, жобалау жұмыстары мүлдем басқаша, аз шығынмен үлкен қолжетімділік, тиімділікке жеткізетін жолдар көп. Кең жолақты интернет пайда болған, опто-волоконды кабельдер, ел бойынша қорғасын құбырларды ауыстыру, электрмен зарядтайтын станциялар салу, т.с.с.

Бұл жұмыстар Америка қоғамында көптен бері талқыланып келе жатқанмен де Байденге дейінгі бірді-бір президенттің қолынан келмепті. Трамп та қанша жанталасқанмен ұсынысын Конгрессте өткізе алмаған. Ол өткізе алмайтын да еді. Себеп? Себебі ол жалпы ел үшін қызмет жасайтын адам емес, тек өз бизнесі тұрғысынан ғана ұсыныс жасады, халықты екі жікке – республикашылдар мен демократтар деп бөлді, сондықтан оған демократтар дауыс бере ме? Ал Байден керісінше, Когрессте бірнеше республикашылдардың да көздерін жеткізе алды. Сөйтіп Заң Конгресстен өтті. Енді не болып жатқаны тіпті қызық – Трамп ойбай салып жатыр, дауыс берген республикашылдарды қудалау, олардың отбасыларына тиісу, т.с.с. басталды. Қараңызшы, біздегі диктатордан не айырмасы бар? Өйткені Байден ешкімнің қолынан келмегенді жасады.

Мұның тағы қандай салдары бар? Салдары тіпті керемет – мұнай, газ пайдалану күрт азаяды. Путин зарлап жылап қоя бергені сол. Бірде біздің басты Путинге барып, екеуі "әлемде бәрібір мұнай-газды әзірге пайдаланады, қысылуға еш негіз жоқ" деп мәз болысып отырғаны есте қалыпты. Сенбесеңіздер РФ БАҚ-тарын қарап отырыңыздар – осы тарихи оқиға туралы мақала шығар ма екен, шықпас па екен? Расында да АҚШ мұнай-газды пайдаланудан алдыңғы қатарлы елдердің бірі екен, енді оны тұтыну біртіндеп азая бермек.

Тағы бір салдары – АҚШ-та құрылыс компанияларының акциясы аспандай бастады. Ақшасы барлар қор биржасына қатысып пайдаға кенеліп жатыр. Бірақ енді бұл тиын санап отырған қарапайым қазақтарға қатысы жоқ, сондықтан көңіл-күйлеріңізді түсірмей-ақ қояйын. Оған қатысушылар да кемі 50-100 мың доллары барлар. Яғни олар одан сайын байи түсуде. Қайтеміз енді, қолымыздан келмесе.

Қуаныш Еділхантегі

Халықаралық шолушы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар