Оңтүстіктің әлеуеті Алматыға дем береді

/uploads/thumbnail/20170708195458641_small.jpg

Алматыда Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бизнес форумы өтті. Бұл туралы "Қамшы" порталы Айқынға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бизнес-форум шеңберінде журналистермен кездескен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев алма­тылықтармен әрқашанда бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін, алдағы уақытта ол екі бағытта жалғаса беретінін айтты. Біріншісі – Оңтүстік Қазақстан облысының логистикалық орталығын ашу арқылы оңтүс­тіктің көкөнісін Алматыға қолжетімді бағада жеткізіп, көкөніс им­портына тәуелділіктің ықпалын әлсірету. Себебі, оңтүстікте бақша да­­қылдарын өсіруге маманданған шаруашылықтар жыл өткен сайын артып келеді. Егер бұл жүйе іске асса, осы бағытта сегіз орталық ашы­лады. Екіншісі – алматылық инвесторлардың назарын оңтүстік­тің әлеуетіне аудару. Қазір оңтүстікте индустриалды аймақтарды орна­ластыруға бөлiнген жер телiмдерiнiң жалпы көлемi 813,5 гектарға жетіпті. Онда жақын болашақта жалпы құны 60 млрд. 969 млн теңгенi құрайтын 40 инвестициялық жоба iске асырылады. 
Жалпы, Оңтүстік Қазақстанда 19 индустриялық аймақ құры­луда. Бүгінде оның төртеуі Шымкентте іске асса, жалпы көлемі 153 га құрайтын 2 индустриялық аймақ Түркістан қаласы мен Созақ ауда­нын­да пайдалануға беріліп отыр. Жыл соңына дейін «Оңтүстік» ин­дустриалық аймағын қосқанда бұл көрсеткіш 12-ге артса, 2016-2017 жылдары аудан, қалаларда 7 индустриялық аймақтың құрылысы аяқ­талмақ. Олардың қатарында Арыс қаласы, Сайрам, Сарыағаш, Оты­рар, Төлеби, Ордабасы аудандарындағы индустриялық аймақтар мен Шымкент қаласы маңындағы агро-индустриялық аймағы бар. Осы­лай­ша, өңірде өнеркәсіптік өндіріс пен бизнес үшін 975 гектар аумақта дайын өнеркәсіптік алаңдар қалыптаспақ. 
– Қазiргi таңда инфрақұрылым құрылысының төрт кезеңi толы­ғымен аяқталды. Индустриалдық аумақтың бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, «Оңтүстік» индустриалдық аумақ дирекциясы кәсіпкерлерге «бір терезе» ұстанымы бойынша қызмет көрсетеді. Екіншіден, аумақ кәсіпорындары коммуникациялық инфрақұ­ры­лыммен тегін қамтамасыз етіледі. Үшіншіден, индустриаландыру картасына кірген инвестициялық жобаларға жер телімдері жеке- меншікке конкурссыз беріледі. Төртіншіден, электр қуаты 25 пайыз арзан. Бесіншіден, қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға қажетті маман дайындау үшін қайта даярлау орталықтары жұмыс жүргізуде. Алтыншыдан, ыңғайлы логистикалық жүйе құрастырылған. Маги­стральға жақын теміржолмен қамтамасыз етілген. Міне, осы артық­шылықтар еліміздің ғана емес, шетелдік инвесторларды да қызықты­рып отыр. Мұндағы ілкімді істерді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та жоғары бағалап, шағын кәсіпкерлікті дамытудағы бас­тамаларға қолдау білдірген болатын. Шымкенттің іргесіндегі 92 гек­тар жерге салынып жатқан орталықта жалпы сыйымдылығы 230 мың шаршы метрден асатын халықаралық стандарттарға сай қоймалар салынады. Бұл өз кезегінде ауылшаруашылығымен айналысатын ди­қандарға қолай­лы болмақ. Өйткені шаруалар өнімдерін қалауынша сақтап, қажет уақытында саудаға шығара қояды. Оның үстіне орталық әуежай мен транзиттік теміржол және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізіне жақын орналасқан. Жалпы құны 24 млрд теңгені құ­райтын 8 инвес­тициялық жоба жүзеге асып жатқан аймаққа қажетті инфра­құрылымды мемлекет жүргізіп берген. Орталық өңірдегі қой­маға сұ­раныстың 45%-ын жабады. Жаңадан 726 жұмыс орны ашыл­мақ,– дейді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев. 
Аймақтар дәстүрлі саудасы дамыған көне жәдігерлері көп Түркі­стан мен ақ алтынның мекені Мақтаарал, сондай-ақ шипалы суы бар Сарыағаш аудандарында бой көтермек. Ол жерлерде жергілікті ин­весторлардың күшімен жалпы аумағы 80 мың шаршы метр болатын қоймалар салынады деп жоспарланып отыр. Қосымша туризмді да­мыту жағы да қаралған. 
– Инфрақұрылымның құрылысын келесі жылы бастауды жос­парлап отырмыз. Бұған да инвесторлар қызығушылық танытып отыр. Бұл осы аудандардың әрі қарай өндірісінің де, экспорттық әлеуетінің де дамуына өз әсерін тигізбек, – дейді Сапарбек Тұяқбаев.

Қатысты Мақалалар