Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов үкімет отырысында "Омикрон" штамының пайда болуына байланысты елде бірқатар шектеу шаралары күшейтілетінін хабарлады.
– Коронавирустық инфекция "Омикрон" штамының жаңа нұсқасы пайда болуын ескере отырып, оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады, – деді М. Шоранов.
Енгізілетін шектеу іс-шаралары төмендегідей:
- Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуіне шектеу қойылады;
- "Омикрон" нұсқасынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР тестілеудің бар болуы енгізіледі;
- "Омикрон"-нан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантиніне оқшауланады.
Пікір қалдыру