ДДСҰ коронавирустың жаңа штаммы туралы дабыл қақты

/image/2021/11/30/crop-151_27_1321x1762_maski-22221.jpg

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) "Omicron" штаммының бүкіл әлемде өршу қаупі жоғары екенін ескертті.

"Бұл нұсқа кейбір аймақтарда ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін" делінген ДДСҰ хабарламасында.

Ұйым басшысы, доктор Тедрос Адханом Гебрейюс кедей елдерге вакцинаны қолжетімді ету үшін жаһандық күш салуға шақырды.

Оның сөзінше, Covid-19 әлі біткен жоқ. Ол сонымен қатар пандемияның жаңа кезеңі алда екенін ескертті.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар