«100 нақты қадам» жаңа бейне қалыптастырады

/uploads/thumbnail/20170708195513646_small.jpg

«100 нақты қадам» жаңа бейне қалыптастырады

Мұрат ТІЛЕУІМБЕТОВ, Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы:

– «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қоғам өмірінің негізгі салаларды, оның ішінде құрылыс саласын жаңартуға бағытталған. Бұл төңіректе не айтар едіңіз?
– Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингісіне сәйкес құ­рылысқа рұқсат беру индикаторы бо­йын­ша Қазақстан 154-орынды иеленді. 2014 жылы бұл көрсеткіш бойынша 152 орынды иеленген болатынбыз. Осы­ған байланысты 2016 жылға қарай дү­ние­жүзілік банктің Doing Business рей­тингісінде құрылысқа рұқсат беру ин­дикаторы бойынша Қазақстанның по­зициясын жақсарту жоспарлануда. Атал­ған талап Елбасымыздың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» институттық реформасында нақты көрсетілді. 
Ұлт жоспары бойынша рұқсат алуды оңтайландыру, құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы (30-20-10) қағидаты енгізілді. 
Бірінші саты бойынша – сәулет-жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Екіншісі–эскиз жобаны 20 күнге дейін мақұлдау, үшіншісі – рұқсатты 10 күн ішінде беру көзделуде. Яғни, тиісті барлық рұқсат 30 күн ішінде берілуі тиіс. Бұл реформа дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингінде Қазақстанның орнын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жалпы, бұрын құрылысқа рұқсат алу тәртібі 25 рәсімнен, дайындау кемінде 183 күнді талап етсе, қазір қолданыстағы заңнама талаптарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес бұл тәртіп 7 рәсімнен тұрады, рұқсат алу 16 күннің ішінде жүзеге асырылады.
Аталған түзетулерге 2015 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті қол қойып, олар құрылысқа қатысты барлық мемлекеттік меке­мелер мен кәсіпорындардағы ар­найы ақпараттық стенділерді орналас­тырылды. Сонымен қатар басқарма тара­пынан 3 мемлекеттік қызмет көр­сету регламенті бекітілді, атап айтқанда:
1) «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру», ол 6 жұмыс күннің ішінде жүзеге асырылып, өтініш берушінің тарапынан 6 құжат табыс етіледі;
2) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік нысандарын мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» 10 жұмыс күннің ішінде жүзеге асырылып, өтініш берушінің тарапынан 7 құжат табыс етіледі;
3) «Тіреу және қоршау конс­трук­цияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылып, өтініш берушінің тарапынан 3 құжат табыс етіледі.
48-қадам «Құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу» бойынша: құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу мақсатында Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы №450 бұйрығымен ресурстық әдісті енгізудің тәртібі бекітілді.
Жоғарыда аталған бұйрықты іске асыру мақсатында ресурстық әдіс бойынша жасақталған 133 нор­мативтік құжат бекітілді. Барлық бекітілген нормативтік құжаттар Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет- ресурсында орна­ластырылған.
Осы нормативтік құжаттарға сәйкес үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа жобалардың жоба-сметалық құжаттарын ресурстық әдіспен есеп­теуді міндеттейтін нормалар келісім-шарттарда қарастырылатын болады.
Ресурстық әдіспен құрылыстың сметалық құнын анықтау тәртібі 3 кезеңмен жүргізіледі: 
1-кезең: Нарықтық экономикасы дамыған елдердің сметалық норма­ларының негізінде құрылысқа арналған сметалық нормаларды жетілдіру.
2-кезең: ВIM жобалау технологиясы бойынша 5D форматтағы жобалық құжаттарды әзірлеу.
3-кезең: Бюджеттік қаржыларды тиімді жоспарлау үшін қажетті ресурстық сметалық нормалардың жүйесін жетілдіру.
Осы үш кезең бойынша ресурстық әдіспен құрылыстың сметалық құ­ны анықталып, құрылыста баға қа­лыптастырудың жаңа әдісі енгізіледі, технологиямен сметалық-нормативтік базаны жедел жаңарту қамтамасыз етіледі.
49-қадам «кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына еурокадтар жүйесін ен­гізу» бойынша 1 шілдеден бастап Қазақстанда еурокадтар жүйесіне негізделген жаңа нормативтік база қалыптастырылды. Нормативтік базаны реформалау тұжырымдамасына сәйкес кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына жаңа нормативтік базаларды енгізу жұмыстарын толықтай 2021 жылға дейін аяқтау көзделген.
Еурокадтар жүйесін қолданысқа енгізу үшін 2015-2025 жылдарға арналған құрылыс саласындағы нормативтік базаны реформалау тұжырымдамасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары орталық атқарушы органмен әзірленді.
Сонымен бірге мемлекеттік нор­мативтерді міндетті және ерікті түрлерге бөлу үшін Қазақстан Респуб­ликасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңының 28-бабына тиісті түзетулер енгізілді.
 Жалпы, еурокадтар жүйесі:
1) Еуропа мен дүниежүзінің құрылыс саласындағы техникалық реттеу жүйе­сімен интеграциялануға;
2) Құрылыс саласына шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік бермей отырған техникалық кедер­гілерді жоюға;
3)  Инновациялық технологиялар мен материалдарды пайдалануға;
4) Құрылыс қызметіндегі қазақ­стандық мамандардың деңгейі мен бәсекеге жарамдылығын арт­тыруға, сондай-ақ қазақстандық ком­пания­лардың жобалау және құрылыс салу саласындағы шетелдердің на­рығына кіруіне жағдайлар жасауға;
5) Еуропалық стандарттар бойынша құрылыс өнімдерін шығаруға және құрылыс индустриясындағы отандық кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Президентіміздің сындарлы саясаты астарына үңілсек, көп нәрсеге көз жеткіземіз. Елбасы тәуелсіздіктің ал­ғашқы жылдарынан бастап, мем­лекетіміздің негізін құрайтын адами капиталдың дамуын халықтың әл-ауқатын, жағдайын жақсартуды басты мақсат етіп алға қоюмен келеді.
1991 жылдан бастап Елбасымыз талай қиын, кейінге қалдыруға бол­майтын міндеттерді – елімізде на­рықтың шаруашылық механизмін құру, әлемдік қауымдастыққа кіру халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту басқа да ауқымды басым бағыттар бойынша жүзеге асуына қол жеткізді. Осы уақыт аралығында 20 астам бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарламаның барлығына да Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа Жолдауында алға қойылған міндеттерді шешу жолдары негіз етілді. 
Бүгінде экономикамыздың жаңарту үшін өнеркәсіптік негізгі салаларын дамытуға байланысты да қабылданды. Үдемелі индустриялық- инновациялық даму бағдарламасының игілігін көре бастадық. Мемлекеттік құрылыстың «100 нақты қадамынан» тұратын Ұлт жоспары да реформаларды табыс­ты жүзеге асыруды айрықша рөл атқар­ды.
Мемлекет басшысының стратегия­лық көрегендігінің арқасында қазіргі таңда қазақстандықтар да жарқын болашаққа бастайтын нақты іс-қимыл «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы бар.
Бұл жоспар тек қиындықтарды еңсерудің ғана жоспары емес, еліміздегі аса дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін, барлық қолайлы жағдайларды туғызатын ел дамуының ұзақмерзімді жоспары болып табылады.
Мемлекет басшысының тарапынан біздің туған Отанымыздың лайықты орын алатын болашағы зор ел екені туралы үлкен сеніммен мәлімдегені есте. Қазақстан халқының бірлігі, тағаттылығы мен төзімділігі, барлық азаматтардың тең құқылығы мен олардың ортақ Отанымыздың тағдыры үшін ортақ жауапкершілігі еліміздің XXI ғасырда табысты ілгерілеуін қамтамасыз етудің негізгі алғышарты болатыны ақиқат. 
Мемлекет басшысының аталған Жолдауы Қазақстанның барлық аза­маттарын тәуелсіздігімізді баянды етуге, халқымыздың тау­сыл­майтын қуат көзіне барлық қазақстандықтарды біріктіруші күшке айналған Мәңгілік ел жалпыұлттық идеясының мәніне терең бойлауға үндейтін құнды құжат болып табылды. 
«100 нақты қадам» Ұлт жос­парының «Біртектілік пен бірлік» атты төртінші бағытын іске асыру туралы нақты айтты.
Елбасы жариялаған бес институттық реформа мен 100 нақты қадамды қамтылған Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» атты бағытын еліміздегі азаматтық қоғамды қалыптастыруға жағдай жасайтынын, бірлік пен тағаттылыққа орнықтырмақ.
Басты мақсатымыз – 2050 жылы әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру және Қазақстанды экономикалық ынтымақтастық пен дамыған елдерінің стандарттарын жүзеге асыру. Неге 100 нақты қадам? Елбасының 100 шешімі – 100 тапсырма, оның ішінде 15 қадам – мемлекеттік аппараттың кәсібилігін түбегейлі арттыруға бағытталса, 19 қадам – сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының жұмысын жаңарту жөніндегі тиімді іс-қимыл, 50 қадам-жоғарғы технологиялы экономикалық өсім және адами ка­питалды дамытуды ынталандыратын, тікелей қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты шешімдер, 6 қадам – қоғам бірлігі мен қазақстандағы біртектілікті нығайтуға, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін, қоғамдық бақылауды күшейту.
Ұлт жоспарындағы 100 нақты қа­­дамның әр бағыты жаңа білімді, ин­новацияны, жоғары технологияны және әлемдік тәжірбиені зерттеуді қажет етеді. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» индустрияландыру бағдарламасымен тікелей байланысты. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» – қоғамдық қатынастарды толығымен модернизациялайтын реформа. Ол «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын және индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырумен тікелей байланысты.
Бүгінде Қазақстан әлемдік эко­номикамен тығыз қарым-қатынаста. «Ұлт жоспары» аясында дамыған ел­дер­дің ең озық мемлекеттік басқару құралдары мен стандарттары енгізілетін болады. Қазақстан әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60%-дық үлесін алып отырған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен елдік бағдарламаға қол қойды.
«Ұлт жоспары» – бұл Қазақстанның зор даму әлеуетін ашатын міндеттерді жүзеге асыру. Ол өмірдің барлық сала­ларындағы 100 дәл және тәжірибелік шешімдерден тұратын құжат.
Экономикалық өсім – Қазақ­стан­ның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігіне байланысты шешімдерден туындайтын өзекті міндет. «Индустрияландыру және экономикалық өсім» реформасы ауқымды жұмыс кө­лемін, экономика мен халық шаруа­шы­лығының барлық салаларын жаңғыртуды көздейді.

 

Қатысты Мақалалар