АҚШ және ЕО Ауғанстанға қатысты тергеу жүргізуді талап етті

/image/2021/12/06/crop-6_10_506x946_screen-shot-2021-12-06-at-11.29.36-am.png

Батыс елдері және халықаралық құқық қорғау ұйымдары тәліптерді Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің бұрынғы мүшелерін "тобымен өлтіргені" үшін айыптады. 

АҚШ және ЕО Ауғанстанға қатысты тергеу жүргізуді талап етті. 

"Хьюман Райтс Вотч және басқалардың құжаттары көрсеткендей, Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің бұрынғы мүшелерін өлтіру және көзін жою туралы хабарларға қатты алаңдаймыз" делінген АҚШ, Еуропалық Одақ, Австралия, Ұлыбритания сияқты елдердің бірлескен мәлімдемесінде.

Олар Ауғанстан жаңа билігін рақымшылықтың орындалуын қамтамасыз етуге шақырды. Батыс елдері "Біз ықтималды әрекеттердің адам құқықтарын өрескел бұзу екенін және Талибанның бұл істері жарияланған рақымшылыққа қайшы келетінін ескертеміз" деп мәлімдеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар