Өткен тәулікте ПТР тест арқылы 632 адамнан коронавирус, 21 адамнан пневмония анықталған. 4 желтоқсанда 16 адам коронавирустан қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологиялық ахуал туралы күнделікті ақпараттық хабарламасында айтылды.
- 359 адамның жағдайы ауыр,
- 97 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 59 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес барлық өңір "қызыл" аймақтан шықты. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары "Сары" аймақта, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "Жасыл" аймақта.
6 желтоқсандағы мәлімет бойынша елде коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін 8 783 874 адам салдырған. Вакцинаның қос бірдей компоненті 8 182 339 адамға егілген.
Пікір қалдыру