Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы "Ақ жайық" сайты хабарлады.
10 желтоқсан күні Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев4,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.
"Күдіктілерді Нұр-Сұлтан қаласынан Атырауға арнайы келген жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тобы ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, пара "тендерге" қатысты алынған" делінген хабарламада.
Б.Хаменоваға қатысты Қылмыстық Кодекстің 366-бабы 2-бөлігі (аса ірі мөлшерде пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір олардан Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ғимаратында жауап алынуда.
Сонымен қатар Yedilov online Telegram каналы Б.Хаменованың кабинетінің есігі мөрленіп тұрған сурет жариялады.
Пікір қалдыру