"40 мыңға жуық мұнайшы жұмыссыз қалады". Министр мәселеге байланысты пікір білдірді

/image/2021/12/22/crop-201_106_720x1280_gdqqplfx.jpg
 
Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Теңіз кенішінде "Келешек кеңею" жобасының аяқталуына байланысты 2022 жылы 39 мың адам жұмыстан қысқартылатынын растады.
 
Министр мұндай жағдайды заңды екенін, кез келген жобаның басы мен соңы болатынын жеткізді.
 
– Бұл шынымен де солай. Теңізді кеңейту жобасы аяқталуға жақын. Жергілікті органдар мен үкіметтің міндеті адамдарды жұмысқа орналастыру.  Жобаның басталып, ақталып жатуы табиғи құбылыс. Жобалар жалғасын табуы үшін елдің инвестициялық тартымдылығын қолдау керек, – деді ол.

Министр келер жылы Атырау облысында пропилен өндіру зауыты іске қосылатынын, Қашаған жобасы алғашқы фазасы аясында зауыт құру бойынша жұмыс басталғанын атап өтті.

Бұған дейін Теңіз кенішінде "Келешек кеңею" жобасының аяқталуына байланысты 2022 жылы 39 мың адам жұмыстан қысқартылатыны, олардың 45 пайызы атыраулықтар екені хабарланған.

Жаңа жылдың алғашқы 3 айында 7 мың жұмысшы қысқартылмақ. Оныңң 3 мыңға жуығы Атырау облысының тұрғындары.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар