Алматыда Наурызбай ауданының "Алма сити-5" және Алатау ауданының "Мәдениет" тұрғын-үй кешендерінде орналасқан пәтерлерді жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға беретін бағдарламаға өтініш қабылдау конкурсының нәтижесі шықты.
Конкурстан өткендердің, жалпы үміткерлердің, конкурстан өтпей қалғандардың тізімі төмендегідей.
1.Ең көп ұпай жинаған 1050 үміткердің тізімі;
2. Үміткерлердің жалпы тізімі;
3. Ереженің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбаған өтініш берушілердің тізімі.
Алдағы уақытта ең көп ұпай жинаған 1050 үміткермен тұрғын үйді жалдау шарты жасалады.
Үміткер пәтерден бас тартқан жағдайда, тұрғын үй жалпы тізім бойынша келесі үміткерге ұсынылады.
Қосымша сұрақтар бойынша төмендегі телефондарға хабарласуға болады.
8 727 225 14 52, 8 727 225 14 07.
Алматы қаласында соңғы 3 жыл бойы жұмыс істейтін жастарға 5 жылға сатып алу құқығынсыз пәтер беру бағдарламасы іске асырылып келеді. Пәтәрдің ай сайынғы арендасының құны оның көлеміне байланысты анықталады. Жалдауақы шамамен айына 5 мың мен 15 мың теңге аралығын құрайды. Коммуналдық төлемдер ақысы бұл сомаға кірмейді, оны бөлек төлеу керек.
Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
– 29 жасқа толмаған, мектеп, техникалық және орта білімі бар немесе жоғары оқу орнын тәмамдап жұмыс істеп жүруге тиіс;
– Соңғы 2 жылда Алматы қаласында тіркеуде тұруы керек;
– Жеке басында үйі жоқ болуы міндетті;
– Банкте жинақ шоттың болуы міндетті.
– Соңғы 6 айда үміткерлердің ай сайынғы жалақысы 40 АЕК-тен жоғары болуы тиіс – 116 680 теңге.
Пікір қалдыру