Ресей күштері Украинаға ірі әскери шабуыл жасады, Украина қалалары маңында зымырандық соққылар мен жарылыстар болып жатыр, деп хабарлады BBC.
Украина әскерилері "кем дегенде алты ресейлік ұшақты атып түсірдік, қарсы жақтың кем дегенде қырық әскерінің көзін жойдық" деп мәлімдеді.
BBC "адамдар ел астанасы Киевтен қашуға тырысып жатыр. Халықта қатты күйзеліс бар" деп жазады.
НАТО басшысы Йенс Столтенберг бұл шабуылда бұрыннан жоспарлағанын айтады.
Ресей президенті Владимир Путин, егер кімде-кім Ресейге тиісетін болса, Мәскеудің жауабы "лезде" болатынын ескертті.
Еуропалық Одақ бұл – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропаға төнген сын сағаттардың бірі екенін және Ресей "жаппай санкцияларға" ұшырайтынын мәлімдеді.
АҚШ президенті Джо Байден "әлем Ресейді жауапкершілікке тартады" деп уәде беріп, "соғыста адам шығыны көп" деп болжайды.
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Путиннің әрекетін "варварлық" деп сипаттап, өзінің украин халқы жағында болатынын айтты. Украинаға "саяси, экономикалық", тіпті "әскери қолдау" беретінін мәлімдеді.
Пікір қалдыру