Ұлан Байжанов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Ұлан Байжанов 1958 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.
1987-1991 жылдары – Алматы қалалық атқару комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі.
1991-1995 жылдары – Алматы қалалық әділет басқармасының бастығы.
1995-1997 жылдары – "Алматы-Заң" құқықтық орталығының бас директоры.
1997-1999 жылдары – "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының вице-президенті – атқарушы директоры.
1999-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс вице-министрі.
2011 жылғы қаңтардан – 2012 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Бас прокуратурасы аппаратының жетекшісі.
2015 жылдың тамызында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қызметіне тағайындалған.
Пікір қалдыру