Қытай Ресейге көмектессе, оның салдары ауыр болады – АҚШ

/image/2022/03/14/crop-24_20_761x1162_6200fbbaa310cdd3d82c05a3.jpeg

Қытай Ресейдің Украинаға басып кіруіне көмектесетін болса, ауыр "салдарға" тап болады. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі Ақ үйге сілтеме жасап хабарлады.

Ескерту дүйсенбі күні Римде АҚШ пен Қытайдың жоғары лауазымды тұлғаларының кездесуі қарсаңында айтылған.

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан дүйсенбі күні Римде қытайлық дипломат Ян Цзечимен кездескен.

Дағдарыс басталғаннан бері Бейжің ұзақ уақыт одақтасы Мәскеуге күшті риторикалық қолдау білдірген, бірақ әскери немесе экономикалық қолдау көрсеткені көпшілікке белгілі емес.

Америкалық БАҚ АҚШ шенеуніктерінеге сілтеме жасай отырып, Ресей соңғы күндері Қытайдан әскери техника, соның ішінде ұшқышсыз ұшақтар сұрағанын айтады. Қытайдың бұл сұрауға жауабы белгісіз.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар