"Ресей Қытайдан әскери көмек пен санкциялардан жалтару үшін көмек сұрады" деп мәлімдеді АҚШ шенеуніктері. Бұл туралы BBC хабарлады.
Қытайдың Вашингтондағы елшілігі бұл өтініштен бейхабар екенін айтады, ал АҚШ Ресейге көмектесудің салдары туралы ескертеді.
"Ресей әскери-теңіз күштері Қара теңіз жағалауын бақылау арқылы Украинаны теңіз саудасынан ажыратты" деп хабарлады Ұлыбритания.
Украина президенті Владимир Зеленский жойқын зымыран шабуылынан ондаған адам қаза тапқаннан, бір күннен кейін НАТО-ға ұшуға тыйым салу аймағын енгізу туралы өтінішін қайталады.
Украина 140 мың бейбіт тұрғын кейбір майдан шебінен эвакуацияланғанын, бірақ қоршаудағы Мариуполь қаласынан бейбіт тұрғындар шыға алмай жатқанын хабарлады.
АҚШ журналисті Брент Рено Киев маңындағы Ирпин қаласында атып өлтірілген, бұл – қақтығыс кезінде қаза тапқан алғашқы шетелдік тілші.
Пікір қалдыру