Қаңтар оқиғасын тергеу: Аралық қорытынды хабарланды

/image/2022/03/14/crop-27_98_697x1239_6220581c53597853284969.jpg

Бас прокурор Берік Асылов мәжілістің жалпы отырысында қаңтар оқиғасына байланысты жүріп жатқан тергеу жұмыстарының аралық қорытындылары туралы баяндады. Берік Асылов мәлімдемесіндегі маңызды тұстар төменде ұсынылып отыр.

♦ Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың жалпы саны 230-ға жетті. Оның ішінде Алматыда 11, Алматы облысында 8, Таразда 1, жалпы 20 адам кездейсоқ жағдайда оққа ұшқан. Олардың арасында атыс кезінде мерт болған, бүлікшілердің қолынан қаза тапқан, блокбекеттегі әскерилердің талабына бағынбағандар бар. Оқиға кезінде 19 әскери мен полиция өкілі көз жұмған.

♦ Қаңтар оқиғасын тергеу бойынша 35 мыңнан астам жедел-тергеу іс-қимылы жүргізілген, оның ішінде 20 мыңы тексерулер, жауап алу, тінту. 3,5 мың сот сараптамасы тағайындалған. 766 күдікті тұтқындалған. Күдіктілердің дені жұмыссыз, жоғары білімі жоқ 30 жасқа дейінгі жастар. Олардың арасында деструктивті діни ағымдардың 19 жақтаушысы, тыйым салынған экстремистік ұйымдардың 27 белсендісі, ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі бар.
 
♦ Қаңтар оқиғасы бойынша 3 770 қылмыстық іс қозғалған. Олардың басым көпшілігі адам өлтіру, ұрлық, қарақшылық, бұзақылық, қару ұрлау деректері бойынша жүріп жатыр.
 
♦ Антикор тергеу кезіндегі азаптау, қызметтік өкілетті асыра пайдалану фактілері бойынша 234 істі, прокуратура 243 істі жүргізіп жатыр. 9 адам қамалған.
 
♦ Үтікпен күйдіріп азаптаған 11 жағдай тіркелген.
 
♦ Уақытша ұстау изоляторларында азаптау фактілерінен 8 адам мерт болған.
 
♦ Мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен 15 іс қозғалған. Оның ішінде ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары бар.

♦ Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облысы ҰҚК департаментінің басшылары оқиға кезінде ғимараттарын қаруымен қоса тастап кеткен. Осындай деректерге байланысты 7 қылмыстық іс қозғалған.

♦Бүлікшілер тұрғындарды қорқытып, мемлекеттік органдардың жұмысын тоқтатуға тырысқандықтан қаңтар оқиғасы кезіндегі заңбұзушылықтарға террористік акт сипаты берілген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар