Кәрім Мәсімовтің кінәсі дәлелденсе, оны қандай жаза тосып тұрғаны айтылды

/image/2022/03/14/6dderbdz.jpg

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасады деген айып бойынша 15 істі тергеп жатыр.

"Бұл істер бойынша ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары сот санкциясымен қамауда отыр. Осы органның тағы екі басшысы өкілетін асыра пайланды деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тартылды. ҰҚК істеріне айрықша "аса құпия" белгісі берілген" дейді бас прокурор Берік Асылов.

Оның сөзінше, Кәрім Мәсімовке 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.

Сондай-ақ ол Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облысы ҰҚК департаментінің басшылары оқиға кезінде ғимараттарын қаруымен қоса тастап кеткенін, аталған деректерге байланысты 7 қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар