1100 адамға имплант салынды

/uploads/thumbnail/20170708195620443_small.jpg

Алматы №5 қалалық клиникалық аурухана мен Санкт-Петербордың ЛОР ғылыми-зерттеу институты есту мүмкіндігі шектеулі балалардың кохлеарлы имплантациясы бойынша тәжірибе алмаспақ. Бұл туралы Қамшы порталы Айқын-ақпартқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ол үшін Санкт-Петербордың ЛОР ғылыми-зерттеу институтының жетекші маманы, аудиолог В.Пудов келіп отыр. Сурдофониатриялық орталық базасында үш күн бойы шеберлік сыныбы өтпек. Сол уақыт ішінде еліміздің әр түкпіріндегі 50-ден артық бала тегін медициналық көмек алады. 

Елімізде 2007 жылдан бері кохлеарлы имплантацияға мемлекет ақша бөліп ке­леді. Бүгінгі таңда, яғни 2007-2015 жыл­дар аралығында 1100 балаға операция жа­салған. Дәрігер Болат Садықов Қазақ­стан Орта Азияда кохлеарлы импланта­цияға ақша бөліп отырған жалғыз ел екенін айтады. «Елбасының арқасында біздің балаларымызға медициналық кө­мек көрсетуге қаражат бөлініп отыр. Бү­гінде медицинада жаңа техникалардың шыққанын білесіздер. Мәселен, кохлеар­лы имплант – өте қымбат аппарат. Осы орай­да кохлеарлы имплантация жүйесінің сөй­леу про­цессорын ауыстыру үшін Үкімет 1 млн 150 мың теңге бөлді» дейді Болат Садықов. 
Кохлеарлы имплант операция арқылы ішкі құлаққа енгізіледі. Аппарат қосылғаннан кейін, бала ести бастайды. Қазір №5 қалалық клиника­лық ауруханада осындай операцияны, сөйлеу процессорын ауыстыруды күткен 60-қа жуық адам кезекте тұр. Операция жасауға іріктеу ке­зінде бірінші ересектер арасында көбіне жара­қат алған, яғни оған дейін сөйлеп келген жан­дар алынады, балалар арасында 3 жасқа дейінгі ба­лалар бірінші кезекте іріктеп алынады. 
– Кохлеарлы имплантация – кешенді проб­лема, яғни медициналықпен қатар, педагоги­калық, психологиялық, әлеуметтік проблема. Біз бұл жұмыспен 18 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Институтымыздың қазіргі таңдағы негізгі жұмысы – кохлеарлы имплантация бо­йын­ша жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету. Мен де кохлеарлы имплантты тегін алуына мүмкіндік жасап отырған мемле­кеттерге ризашылығымды білдіремін, – дейді аудолог В. Пудов . 
23-26 қыркүйек аралығында көрші елден келген маман еліміздегі пациенттердің ата-ана­ларына кохлеарлы имплантациядан кейін ба­лаларды оңалту бойынша тегін кеңес беріп, семинар-тренинг өткізбек.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар