Владимир Зеленскийдің сөзінше, Мариупольде ресейлік әскермен қатар украиналық әскер де бар. Олар қаланың әр бөлігін бақылауында ұстап отыр. Президент украиналық әскерилерді өмірін сақтап қалу үшін қаладан шығуға шақырғанын, бірақ олар бас тартқанын атап өтті.
– Олар жаралылар мен қаза тапқандарды тастап кетпейтінін айтты. Қала көшелерінде, тратуарларда ресейлік жауынгерлер мен Украин азаматтарының мүрделері шашылып жатыр. Оларды тазалап жатқан ешкім жоқ. Біздің әскер мерт болған майдандастарын тастап кетуге дайын емес. Қаладан шығып, қаруластарын қоқысты көмгендей көме салуға дайын емес. Біз ресейлік тараптан мәйіттерді алып шығуға мүмкіндік беруін сұрадық. Олар мүмкіндік бермеді, – деген ол Мариуполь, Волноваха мен Киевтің айналасындағы шағын қалалар жермен жексен болғанын, енді олар жоқ екенін айтты.
Қирандыға айналған Мариупольдің қазіргі көрінісі осындай.
Пікір қалдыру