"Вова көкесін көмекке шақыруға" уәде берген радиожүргізуші жұмыстан қуылды

/image/2022/03/28/crop-117_2_398x707_uzxloj2jtzspwjfo0ykb.png

Әлеуметтік желіде ұлтараздығын қоздыратын сөздер айтып, "Вово көкені көмекке шақырамын" деген "Европа плюс Казахстан" радиостансасының журналисі Любовь Панова жұмыстан қуылды.

"Радиоканал "Европа плюс Казахстан" ресми түрде 28.03.2022 жылы радиожүргізуші Любовь Пановамен еңбек келісім-шартын үзді" деп хабарлады радиостанса Instagram-дағы парақшасында.

"Европа плюс Казахстан" сондай-ақ Панованың даулы мәлімдемелері радиостансаның көзқарасын білдірмейтінін жеткізді.

Бұған дейін Любовь Панова facebook-тегі комментарийлерде қазақтарды "Алматыда жүрген келімсек" деп Ресейдің агрессиясымен келіспейтіндерге Ресей президенті Владимир Путинді меңзеп "Вова көкені көмекке шақыратынын" айтқан. Оның ұлтараздығын қоздыратын сөздері желі қолданушылары арасында наразылық тудырды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар