Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Киев пен Чернигов қаласының айналасындағы ұрыс қимылдарын күрт қысқартатынын айтты. Ол Украина делегациясымен бетпе-бет келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлда ресми тұлғалардың қатарында болған.
Келіссөзге мұрындық болған Түркия президенті Ердоған бүгінгі нәтиженің айтарлықтай ілгерілеушілік болғанын айтты. Бірақ АҚШ Мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен "Ресейдің айтқаны мен істеп жатқанының арасында айырмашылық бар" дейді.
Чернигов мэрі ресейліктер сөзінде тұра ма, тұрмай ма, уақыт көрсететінін айтады.
Ал ресейлік келіссөзші деэскалация "атысты тоқтату емес" деп ескертеді.
АҚШ шенеунігінің айтуынша, кейбір ресейлік әскер Киевтің маңынан кетіп жатыр, бірақ мұның "не мағына білдіретінін уақыт көрсетеді".
Украина командасы "бейтарап" статусты қабылдайтынын айтты, бұл НАТО сияқты альянстарға қосылмау дегенді білдіреді.
АҚШ та, Ұлыбритания да Ресейді сөзімен емес, іс-әрекетімен бағалайтынын жеткізді.
Пікір қалдыру