Дархан Кәлетаев қызметінен босатылды

/image/2022/03/30/crop-9_9_436x774_dar.webp

Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев қызметінен боатылды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

 

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды" делінген ақпараттық хабарламада.

 

Бұған дейін Дархан Кәлетаев қызметінен қаңтар оқиғасынан кейін-ақ кететіні туралы ақпарат шыққан болатын.

Дархан Калетаев 1972 жылғы 10 қазанда туған.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебін бітірген.  Мамандығы бойынша тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқарудың менеджері. Саясаттану ғылымдарының докторы. Президент әкімшілігі басшысының орынбасары, "Аманат" (бұрынғы "Нұр Отан) партиясы төрағасының бірінші орынбасары, "Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның басқарушы директоры, сенаты депутаты, қоғамдық даму министрі қызметтерін атқарған.

2020 жылғы 24 ақпанда Қазақстанның Украинадағы Елшісі қызметіне тағайындалған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар