ҰҚК Тоқаевқа қастандық жасамақ болған шетел агенті ұсталғанын хабарлады

/image/2022/04/03/crop-19_38_429x763_c9f836a3-d5d2-49f5-b599-5274a9eb84a6.jpeg

ҰҚК 2022 жылғы 25 наурызда ведомствоға қарасты қарсыбарлау қызметі Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті "А»"деген ҚР азаматын ұстағанын хабарлады.

"Бір мезгілде ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған.

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшектермен әкелінген.

Бұдан өзге, ҚР-да "А" әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда русофобтық көзқарастарды тудыру тапсырмаларын орындаған.

Алдын ала тергеу барысында ҚР азаматы жоғарыда көрсетілген істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындады" делінген ақпараттық хабарламада.

Қазіргі кезде ҰҚК Қылмыстық кодекстің 24-бабы 1-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 255-бабы 4-бөлігінде (терроризм актісі) көзделген қылмысты жасау фактілері бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар