Санкция салынған Путиннің қос қызы туралы не белгілі?

/image/2022/04/07/crop-22_9_436x774__107950851_tass_160306.jpg.webp
 
АҚШ алғаш рет Ресей президенті Владимир Путин отбасының өкілдеріне санкция салмақ. Ресми дерек бойынша Путин 2013 жылы әйелі Людмиламен ажырасатынын мәлім еткен. Ересек екі қызы бар. Ресей президенті отбасы туралы көп айта бермейді. Қыздарымен түскен соңғы сурет осыдан 10 жыл бұрын жарияланған.
 
The New Times-тың жазуынша, Путиннің үлкен қызының аты-жөні – Мария Воронцова.
 
СМИ: дочь Путина и духовник президента стали участниками конференции по  редактированию генома человека - TOPNews.RU
 
Reuters агенттігі Мария Воронцова 2015 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің фундаменталдық медицина факультетін бітіргенін, эндокринология саласында жұмыс істейтінін жазған. Бірқатар ақпарат құралдары Путиннің үлкен қызы бизнесмен Йоррит Йоост Фаассенге тұрмысқа шыққанын, Нидерландыда тұратыны туралы ақпарат таратқан. 2022 жылғы наурызда Follow The Money басылымы Фаассенмен хабарласып сұрағанында ол Путиннің қыздарымен ешқашан некеде болмағанын айтқан.

Мария Воронцова медицина ғылымдарының кандидаты. 2017 жылы диссертация қорғаған. ВВС-дің орыс қызметі анықтағандай, ол Ресейдегі денсаулық сақтау саласындағы ірі жеке инвестициялық жобаларды ұйымдастыруға қатысатын "Номеко" компаниясы иелерінің бірі. ВВС-ге Путиннің отбасына жақын адам Воронцова Ресей президентінің үлкен қызы екенін айтқан.

АҚШ-тың қаржы министрлігі Воронцова Кремль генетикалық зерттеулер үшін миллиардтаған доллар бағыттаған мемлекет қаржыландыратын бағдарламаларға жетекшілік ететіні, бағдарлама тікелей Путинге қарайтыны туралы хабарлаған.

Путиннің кіші қызы "Ұлттық интелектуалдық даму" қорының директоры – Катерина Тихонова. Бұл туралы Reuters және Bloomberg агенттіктері 2015 жылы жазған. ВВС-дің бірнеше дереккөзі де ақпаратты растаған.

Катерина Тихонова стала кандидатом наук - Ведомости

Сондай-ақ АҚШ қаржы министрлігінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі баспасөз релизінде Тихонова Путиннің қызы ретінде айтылады.

Путин Тихонова қызы екенін ешқашан растамаған, бірақ терістемеді де. 2019 жылғы желтоқсанда жыл сайынғы пресс-конференцияда ВВС корреспонденті  Фарида Рустамова Путинге оның қыздары туралы сұрақ қойғанында ол сауалға тура, нақты жауап бермеген.

АҚШ үкіметі Тихонова Ресей үкіметіне әрі қорғаныс индустриясына көмектесетін хай-тек компанияға иелік етеді дейді.

2020 жылғы күзде баспасөз беттерінде Путиннің құрбысы делінген Петербург тұрғыны Светлана Кривоногих президенттен достары арқылы "қымбат сыйлықтар" алғаны, "Ресей" банкінің акционері болғаны туралы жазды.
Сондай-ақ Светлана Кривоногихтің қызы Елизавета президентка қатты ұқсайтыны туралы ақпараттар шықты.
 
Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кривоногих деген әйел туралы бұрын-соңды естімеген мәлім еткен.
 
Дереккөз: ВВС
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар