Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары бюджет қаржысвн жымқырды деген күтікпен ұсталды. Бұл туралы Антикор қызметі хабарлады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ-мен бірлесіп, өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында облыстық полиция Департаменті бастығының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстады. Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді" делінген хабарламада.
Антикор күдіктінің аты-жөнін жарияламады.
Пікір қалдыру