Mudarabah Capital қаржы пирамидасының салымшысы Бағила Досмайылованың өзін өртеу дерегіне байланысты қылмыстық кодекстің 105-бабы (өзіне қол салуға дейін жеткізу) бойынша тергеу жүріп жатыр, деп жазады КазТАГ сайты.
"11 сәуір сағат 16.38-де "102" номеріне ҚР ІІМ ғимаратының маңынды әйел өзін өртегелі тұрғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен "Алматы" ауданы әкімшілігінің адамдарды келді. Наразы азаматтар Алматыдағы қылмыстық іске байланысты шара қолданылмаса, өздерін өртейтінін айтып сес көрсетті. Полицияның түсіндіруіне қарамастан, ұйымдастырушылардың бірі үстіне сұйық зат құйып үлгерді. Сол сәтте учаскелік полицей оның қолынан ұстап, оттығын алып қоюға тырысты. Лезде тұтанған от бірден өшірілді. Зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. Полицейдің қолы күйіп, ол да жарақат алды" делінген ақпараттық хабарламада.
Өзін өртеген салымшы Досмайылованың әулеті қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салып жібергені белгілі болды.
Ол бұған дейін белгілі вайнер Мейіржан Төребаевтың жарнамасына сенгендіктен пирамидаға қаржы салғанын, артынша алданып қалғанын жеткізіп, вайнерді соттауды талап еткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ ол Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахмановты іс ішкі істер министрлігіне кетіп қалмас үшін істі жабуға асығып отыр деп айыптап, оны өліміне кінәлайтыны туралы жазған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Рустам Әбдірахманов жәбірлеушінің жазбасына пікір білдіріп, қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында 14 адам тергеліп жатқанын, іс жуық арада сотқа жөнелтілетінін, материалдық шығынды өтеу бойынша шешімді сот шығаратынын мәлім етті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұған дейін қазақстандық үш вайнер: Мейіржан Төребаев, Мейіржан Шерниязов, Азимжан Сайдбаев Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық етті деп айыпталып отырғаны хабарланған. Төребаев пен Шерниязов 1000 АЕК мөлшерінде (3 063 000 тенге) кепіл өтеп, босатылса, Саидбаевқа іздеу жарияланған.
Өзін өртеу дерегіне байланысты Мейіржан Төребаев instagram-да аталған компанияға сеніп қалғанына өкінетінін, олардан бір тиын да алмағанын, кейінірек толығырақ пікір білдіретінін айтса, Мейіржан Шерниязов әзірге үнсіз. Ал Азимжан Сайдбаев instagram парақшасына 4 желтоқсаннан бері ештеңе салмаған.
Пікір қалдыру