"Адамдарды асқан", "мәйіттерді өртеген". Мариуполь мэрі Ресей әскерінің жауыздығы жайлы айтып берді

/image/2022/04/12/crop-16_82_395x702_qt-russia-ukraine-war-2204120458.jpg

Ресейлік әскермен кескілескен ұрыс жүріп, ең көп бейбіт тұрғын қаза тапқан Мариуполь қаласының мэрі Вадим Бойченко Associated Press басылымына телефон берген сұхбаты барысында қалада Ресей басқыншылығынан мерт болғандар саны 20 мыңға жетуі мүмкін екенін айтты.

Қазіргі уақытта Кремль шабуылынан қалада кем дегенде 10 мың адам қаза тапқаны белгілі.

Вадим Бойченко қала көшелері адам денесінен көрінбей қалғанын, Ресей күштері адамдарды асып, мәйіттерден құтылу үшін Мариупольге өртеуге арналған жылжымалы жабдықтар әкелгенін, мәйіттерді ірі сауда орталықтарындағы қоймалар мен тоңазытқышқа жеткізгенін айтты. 

Сөзінше, Ресей әскері қанды қырғынды жасыру үшін бірнеше апта бойы қалаға гуманитарлық конвойларды кіргізбей қойған, құрбандар саны 20 мыңнан асуы мүмкін,

– Қаладан тек ресейлік "фильтр лагерінен" өткендер ғана шығарылған. Киев Ресей күштері Украина азаматтарының паспортын тартып алып, оларды елдің шығысындағы сепаратистердің (Донбасс - ред) бақылауындағы "фильтр лагерлеріне" жіберіп, одан ары Ресейдің шеткері, экономикасы мешеу аудандарына жіберіп отырған. Фильтрден өтпегендер импровизациялық түрмелерге ауыстырылған. Елден 33 мыңнан астам адам Ресейге, я болмаса Украинаның сепаратистік аумағына шығарылған, – дейді ол.
 
"Фильтр лагерьлерінде" адамдарға "Ресейге жақсың ба, әлде қарсысың ба?", "Ұлтшылсың" ба, жоқ па?", "Украинада жақындарың қалды ма?" деген сияқты сұрақтар қойып, жауап алған.
 
Киев маңындағы азат етілген қалалар мен елдімекендердегі Ресей әскерінің жауыздығына әлем жұртшылығы әскери қылмыс деп баға беріп отыр.
 
 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар