Біріккен Ұлттар Ұйымы Украинадағы 7,5 миллион баланың 4,8 миллионы соғыс басталғалы баспанасын тастап кеткенін хабарлады. Бұл туралы Eruonews.com басылымы жазды.
Алдағы кезең "Киев үшін шешуші кезең" дейді Батыс шенеуніктері. Украина президенті Зеленский Ресей Украинаның шығысындағы кезекті шабуылға он мыңдаған сарбазын жұмылдырып жатқанын айтады.
АҚШ пен Ұлыбритания "Мариупольге шабуыл жасаған ресейлік күштердің химиялық қару қолданғаны туралы ақпаратты зерттеп жатқанын жеткізді.
Ал Австрия канцлері Карл Нехаммер соғыс басталғалы бері Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен бірінші Еуроодақ басшысы болды. Ол Путиннің Мәскеудегі резиденциясында өткен келіссөздер "тік, ашық және қатал" форматта өтті дейді.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Путин мен Зеленскийге тікелей келіссөздер жүргізуге бірнеше рет жүгінгенін атап өтті.
Пікір қалдыру