Зеленский: Ресей әскері Кеңес одағы кезіндегіден де үлкен шығынға ұшырады

/image/2022/04/13/crop-7_5_338x609_4673a07a-7721-4866-99a1-d4715d51532f.jpeg
Украина президенті Владимир Зеленский басқыншылық соғыс басталғалы Ресей күштері орны толмас шығынға ұшырағанын айтты.
 
"Ресей Киевті 48 сағатта басып аламыз деп мақтанғаны есіңізде ме? 48 тәулікке созылған "48 сағаттың" ішінде орыс әскері Кеңес одағы Ауғанстандағы он жыл соғыста жоғалтқан шығынан да үлкен, орны толмас шығынға ұшырады" деді Зеленский видео үндеуінде.
 
24 ақпанда соғыс алғаш басталғанда Ресей Украина астанасы Киевті басып алмақ болған. Алайда Ресей әскері үлкен шығынға ұшырағаннан кейін Киевке шабуыл тоқтаған. Сарапшылардың пікірінше, Мәскеу Украинаның қарсыласу күші мен украиндердің шағын қарулы күштерінің мүмкіндіктерін жете бағаламаған.
 
Тіпті Ресей әскері өзі ішінде қарапайым қиындықтарға тап болды. Бронды колонналарда отын, азық-түлік, оқ-дәрі таусылған жағдайлар болды. Көліктер бұзылып, қараусыз қалып, оларды украин тракторлары сүйреп әкеткен оқиғалар да кездесті.
 
Қазір ресейлік күштер Киевтің төңірегінен толығымен шығарылып, шығыстағы Донецк пен Луганск аймақтарында әскери күштерін жасақтап жатыр.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар