Жасандысеріктен түсірілген суреттер Ресей әскерін Украинаның үш жеріне шоғырландырғанын көрсетті

/image/2022/04/13/crop-9_10_336x605_95f1afbc-e1ee-4f94-a060-328c0e88e054.jpeg
Жасандысеріктен түсірілген суреттер Украина шекарасында кем дегенде үш жерде: Белгород пен Воронеж облыстарында және оңтүстігіндегі Матвеев Курган қаласының маңында орыс әскері мен техникасы жиналып жатқанын көрсетеді. Бұл туралы BBC хабарлады.
 
Ресей Изюм төңірегіндегі операцияларын күшейтіп, Славянскіні алу үшін оңтүстікке қарай ұмтылуға дайындалып жатқаны хабарланды.
 
Ол жерден орыс әскерлері Украинаның құрлық күштерінің контингентін қоршау үшін шығысқа немесе оңтүстік-шығысқа қарай ілгерілей алады.
 
Мариуполь құласа, Ресей күштері украин әскерлерінің үлкен тобын қоршауды аяқтау үшін солтүстікке қарай шабуылдауды күшейтуі мүмкін.
 
Украинаның ең тәжірибелі және ең жақсы жабдықталған бөлімшелерінің кейбірі шығыста деп саналады. Олар маңызды позицияларда. Сарапшылардың пікірінше, Ресей әскерлері оларды күштеп шегіндіру үшін күресуі мүмкін.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар