Қазіргі уақытта әлем елдері үкіметтік емес сектор ісін дамыту қағидатына келгенде, алғаш олардың жүзеге асырып жатқан жобаларының нәтижесіне және оған берілетін аналитикалық бағамына терең зейін қоя бастады. Бұл туралы Қамшы порталы Айқын-Ақпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Дегенмен, бұл орынды да секілді, өйткені кез келген коммерциялық ұйым немесе мемлекеттік орган болмасын, олардың қызмет бағамын талдауға қатысты арнайы стандарттар мен бағамдау жүйелері арқылы сала қызметін дамыту қалыпты тенденцияға айналып отыр. Мәселен, бизнесті алып қарайтын болсақ, кез келген кәсіпкерліктің өлшемі жинақталған тұтынушылар санына қарай анықталады, дәл сол секілді үкіметтік емес сектордың да қызметі әлеуметтік салада қаншалықты нәтижелі жобаларды жүзеге асыруымен тікелей байланысты.
Үкіметтік емес ұйымдар ісіне қатысты бағалау әдістемесі ең алғаш ХХ ғасырдың 60-жылдарында жоба нәтижесін жалпы-лама бағалайтын жинақтық және кезең бойынша қалыптастырушылық өлшемдері болған болса, бүгінде мұндай бағалау өлшемдерінің инновациялық жаңа түрлері көбейе түсті. Қазіргі таңда аталған салада халықаралық тәжірибеде негізгі бағалау стандарттары қатарына, америкалық бағалау жүйесі (American Evaluation Association, AEA, www.eval.org), ұлыбританиялық(the UK Evaluation Society UKES, www.evaluation.org.uk) және франциялық (The French Evaluation Society (SFE), www. sfe-asso.fr) сонымен қатар германиялық (Gesellschaft für Evaluation e.V, www. degeval.de/nc/home) бағалау стандарттары кең қолданысқа ие болып отыр. Стандарттау ісінен өзге коммерциялық емес секторды тұрақты инвестициялау мен әлеуметтік жүзеге асырылған жобалардағы инновациялық мүмкіндіктерді бағалаудың жаhандық жүйесі(«Global Impact Investing Network» (GIIN)) (США) жасалынған. Мұнда әлеуметтік саланың 400-ге жуық түріне арналған сандық өлшемдер құрастырылған. Мәселен, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған орта сынды бағыттарға бөле отырып, жеке стандарттар қарастырылған. Бағалау стандарттарымен қатар,үкіметтік емес ұйымдар ісінің мазмұны мен процесіне қатысты аналитикалық талдау жүргізу iсі де дамыған елдерде кең қолданысқа ие болып отыр. Мұндай сараптау стандарттарының бірі, – «Ортақ өлшем платформалары» (Shared Measurement Platforms) жүйесі. Мұндай стандарттар елдегі үкіметтік емес сектордың қызметін жетілдірумен қатар, өзара бәсекенің күшеюіне сәйкесінше көрсетілетін қызметтің сапасының артуына себеп бо-лып отыр.
Бұл бағалау стандарттары біздің елде бүгінде белгілі бір қызмет көрсету түрлеріне қатысты,«Халыққа қызмет көрсету, анықтамалық стандарттары»,«Халықаралық ИСО 9004-2» және «Мемлекетаралық ГОСТ 30335-95» стандарттары қолданылады. Аталған өлшемдік бағалау коммерциялық және коммерциялық емес сектор ісін-де қатар қолданылады. Дегенмен, мұндай бағалау және сертификаттау жүйесі әдетте қазіргі жай-күйді көрсеткенімен, қызмет желісін дамытуға инновациялық мүмкіндіктерді арттыру және сұраныс талаптарын қанағаттандыру ісінде әлі де жаңа өзгеріс жүйелерінің қажет екендігін көрсетеді. Сондай-ақ елдегі үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орындау, есептеме беру стандарттары биылғы жылы Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысымен арнайы нұсқаулық ретінде шығарылған болатын.
Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысымен елдегі тіркелген үкіметтік емес ұйымдар ісіне қатысты жүргізіліп жатқан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызмет көрсетудегі стандарттар мен есеп берудің инновациялық түрлерін қолданысқа енгізуге бірден-бір себепкер болады деген сенім мол.
Пікір қалдыру