Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі қызметінің түріне байланысты көптеген даулы құқықтық қарым-қатынас туындайды, соның ішінде, құрылыс мердігерлік келісім шартынан шығатын, сауда-саттық келісім шарты, ақылы қызмет көрсету және тағы басқалары бар. Бұл туралы Қамшы порталы Айқын-ақпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Соңғы уақытта сотқа түсетін даулардың кейбіреуінің саны артты. Мұның себебі тауар сатумен, қызмет көрсету түрімен байланысты мәмілелердің жазбаша түрде ресімделмегеніне қатысты. Көрсетілген саланың азаматтық іс сараптамасы көрсетеді, тауар өткізгенде, көптеген сатушылар мәміленің жазбаша түрін жасауды жоққа шығарады, сатып алушының төлемге байланысты міндеттерін жауапсыз орындауы, қосымша дәлелдемелер табуды қажет етеді.
ҚР АК 151 б. ережелеріне сәйкес, мәмiлелер ауызша және жазба-ша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық). Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай, не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады.
Нақты айтар болсақ, көрсетілген қарым-қатынастардың маңызды және ерекше өзгешелігі, жазбаша түрде мәміле жасаудың керектілігі, мәміле сомасы болып табылады.Егер мәмiлелердiң жекелеген түрлерi үшiн заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқынан туындамаса, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, кәсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асырылатын; мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, жүз есептiк көрсеткiш жоғары сомаға; заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиiс (ҚР АК 152 б.). Осылайша, мәміле сомасы бойынша бекітілген есепті шектеуде, кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген аспектілерді назарға аударып акценттеу қажет, сондықтан серіктестік қарым-қатынаста көрсетілген қағидаларды сақтамау, тауар өткізуде, ақылы қызмет көрсетуде және т.б. тиесілі соманы ала алмауға әкеп соғады.
Ұзақ уақыттық серіктестік қарым-қатынаста, тараптардың ерік білдіруіндегі шын дәлелдеме, тараптың уәкілетті тұлғасы қол қойған, қордың сақталатын жүкқұжаты түріндегі тауар-жарлық құжатта, жеке куәлігіндегі мәліметтер көрсетілген тауарды алу туралы сатып алушының сенімхаты, тауарды қабылдау-табыстау (қызмет көрсету) туралы акт, шот-фактура. Жазбаша келісімшарт болмаған жағдайда, ҚР АІЖК 65 б. сәйкес, әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.
Айтарлықтай қиыншылықтар іс бойынша дәлелдемелерді табуға байланысты қарызды өндіріп алу туралы дауларды шешуде туындайды, ұйымдар арасындағы есептесу тәсілі өзара тауар, қызмет көрсету сомасынан туындайтын, сәйкесінше даудың әр тарабы, өзіндегі ақпаратты (дәлелдемені) сақтай отырып, өзінің контрагентінің міндеттерін қарсы орындауда осындай жағдайдың соңғысында болмауы, іс жүзінде орындаушыға (сатушыға) тиесілі сомамен ақысыз тауарды (қызметті) алады.
Мұндай субъектілердің іс әрекеттері негiзсiз баю мүлiктi иеленушiнiң, жәбiрленушiнiң өзiнiң немесе үшiншi тұлғалардың пиғылының нәтижесi не оқиғаның салдары болып табылғанына қарамастан қолданылады, соның ішінде ҚР АК 953 б.
ҚР АК 10 бабы белгілейді, кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жекеменшiк құқығына (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi.
Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.Тәуекелділікті жою мақсатында, кәсіпкерлік субъектілеріне бизнесте серіктесті ерекше мұқият таңдау керек, соның ішінде шаруашылық-қаржылық қызмет жүргізуде дұрыс сақтық керек, сонымен қатар сенімді қарым-қатынасты да жазбаша түрде бекіткен жөн, азаматтық құқықтық қарым-қатынастың тұрақтылығының кепілі болып саналады.
Пікір қалдыру