Ресей Украинада күштерінің үштен бірінен айырылғаны хабарланды

/image/2022/05/18/crop-9_8_533x959__124756889_mediaitem124756888.jpeg

Британ әскери барлау қызметінің мәлімдеуінше, Ресей Украинаға жіберген басқыншылық күштерінің үштен бірінен айырылған болуы мүмкін. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.

Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің ақпаратынша, Украина шығысындағы орыс әскерлері шабуыл қарқынын жоғалтқан.

Берлинде өткен НАТО Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаның соғыста жеңуі ықтималдығы жоғары екенін айтты.

Ресейдің басқыншылық шабуылына Украинаның қатаң қарсылығы мен логистикалық мәселелер кедергі келтірген.

"Ресейдің Украинадағы соғысы Мәскеу жоспарлағандай жүріп жатқан жоқ. Олар Киевті ала алмады, Харьков төңірегінде кері шегініп жатыр, Донбастағы негізгі шабуылы тоқтап қалды. Ресей стратегиялық мақсаттарына жете алмады" деді Столтенберг.

Мәскеу үшін әскери сәтсіздіктерге қоса, басқыншылықтың тағы бір салдары болды. Ресей Украинаға шабуыл жасаған соң Швеция мен Финляндия НАТО-ға қосылу туралы ресми өтініш берді. Бұл елдер ұйымға қосылса, НАТО мен Ресей арасында 1300 шақырымдық ортақ шекара пайда болады.

Ресей президенті Владимир Путин НАТО-ны Ресейдің қауіпсіздігіне қатер деп санайды. Кейбір сарапшылар "Путин Украинаға НАТО-ға қосылуын тоқтату үшін басып кірді" деп есептейді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар