Полимерлік қаптамалар Атыраудан шығады

/uploads/thumbnail/20170708195808476_small.png

Бүгінде Атырау облысындағы «Ұлттық индустриалық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы аумағында бірнеше ірі жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы Қамшы порталы Айқын-Ақпаратқа сілтеме жасай отрырып хабарлайды.

Соның бірі – полимерлік үлдір өндірісімен айналысатын «Полимер Продакшн» ЖШС. Компанияның іргетасы 2012 жылы қалан­ды. Содан бері, Орталық Азия мен Қазақстан­дағы пластикалық қаптама өндірісі бойынша ауқымды компанияға айналды. Бұл компания «Үдемелі индустриалды-инновация­лық даму» бағдар­ламасы аясында жолға қойылды. Кәсіпорын азық-түлік өнімдері, киім-кешек, тірі гүлдер, сыйлық­тар, парфюмерия сынды түрлі заттардың қап­тарын шығарады.

                              Полимерлік қаптамаға сұраныс жоғары

Рас, қазір көптеген елдерде пластик қаптарды пайдалануға тыйым салын­-ды. Сөйтіп, полимерлік қаптамалардың шығарылымына жол ашылды. Поли­мер­лік қаптамалар экологиялық таза болып келеді. Сол себепті жер астында жыл­дар бойы жатпай, өздігінен ыды­­-рап кетеді. Міне, сондықтан да әлемде полимерлік қаптамаға сұраныс жо­ға­-ры. Ал бізге полимерлік қамтамалар Түркия, Қытай, Ресей және Ираннан жеткізілетін. Сондықтан «Полимер Про­дакшнды» Қазақстандағы поли­мерлік қамтамалар шығаратын тұң­ғыш зауыт деуге болады. Бұл зауыттың тағы бір ерекшелігі, барлық тауарды қайта өңдеп шығара алады. Енді бір жағымды жаңалық, «Полимер Про­дакшн» кәсіпорны іске қосылғалы бері, полипропилен және полиэтилен өнім­дерін шетелден тасымалдау ана­ғұр­лым азайды.

«Біздің компания «Біріккен хи­мия­лық компания» ЖШС-ның еншілес мекемесі ретінде химия өнеркәсібін дамыту және «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы шең­берінде жүзеге асуда. Жобаның жал­пы құны 85 млн долларды құрай­ды. Аталған қаржының 50 пайызы «Самұ­рық Қазына» ҰӘҚ қаражаты болса, қалған 50 пайызы «Жинақ банк» АҚ ЕБ-нің кредиттік қаржыландыруы бо­лып табылады. Компанияның барлық жабдықтары Еуропа елдерінен әке­лін­ді. Жоба қуаттылығы жылына 48 млн дана полипропилен қапшығы, 4 125 мың тонна полиэтилен қабықшасы және 14 738 тонна биаксальды полипропи­-лен қабықшасын дайындауға же­те­ді» дейді «Полимер Продакшн» ЖШС-ның бас директоры Ғабит Закария.
Зауыттың алға қойған ендігі басты мақсаты – еліміздің осы саладағы қа­жет­тілігін толығымен қамтамасыз ету, сондай-ақ Орта Азия елдерінің нары­ғына шығу. «Біздің «Біріккен химия компания» зауытында 30-дан астам өнім түрі шығарылмақ, соның 60 па­йызы шетелге экспортталады. Елімізде затты буып-түйетін саланы жаңа сапа­лы деңгейге шығару – осы жобаның басты міндетінің бірі. Одан бөлек ішкі нарықпен қатар Кедендік одақ және Орталық Азия елдеріне тауарды экс­порт­тауды көздеп отырмыз» дейді бас директор. Айта кетейік, «Біріккен хи­миялық компания» ЖШС 2009 жылы Қазақстанның химия саласын дамы­-туға ықпалдастық жасау мақсатымен құрылған болатын. 

                                       Экологиялық таза әрі қауіпсіз өндіріс

«Полимер Продакшн» компаниясы ел нарығындағы импортталған сапа­­сыз және улы өнімді жоюды да көз­дей­ді. Полипропилен қаптардың басқа қаптармен салыстырғанда беріктігі жоғары. Тігу құрылымының ерекше­лігіне қарай жылына 48 млн дана по­липропилен қап шығарылуда. Мұндай қаптардың артықшылығы, заттарды тасымалдау және сақтау кезінде жыр­тылып немесе бүлініп кетпейді. Соны­мен қатар компания қазір екі түрлі үш қабатты полиэтилен пленкасын (жы­лына 4 000 тоннадан астам) шығаратын желіні пайдалануға берді. Мұндай пленка жай пленкаға қарағанда 3-4 есе артық мерзімге жарамды. Сол себепті оларды көбіне ауыл шаруашылығын­дағы жылыжай құрылысы кезінде пай­далануға болады. Одан бөлек құты, шөл­мек секілді тауарларды тасымал­-дау, сақтау мақсатында қолданады. Үш қабатты құрылым беріктігін сақтай отыра жұқа пленка шығаруды қам­та­масыз етеді, мұндай пленка тұтынылу көлемін азайтады. Тұтыну көлемінің азайғаны әсіресе, қоршаған ортаға тиімді.
«Полипропиленді және поли­эти­ленді қапшықтар, негізінен, құрылыс материалдарын, жылыжайларды, сүт өнімдерін орау және топтамалық ора­малар үшін қолданылады. Әр өнімнің қосымшалар мен рецептураларға бай­ланысты бірнеше түрі шығарылады. Біздің өнімдер бәсекеге қабілеттілігі жо­ғары. Өйткені біз соңғы жыл ішінде біз еліміздегі ірі тұтынушылармен кез­десіп, меморандумға қол қойдық. Біздің қаптарға күкіртті де, химикаттарды да сала беруге болады, сондай-ақ цемент және басқа да құрылыс материалда­-рын өндірушілермен жұмыс жасау­да­мыз» дейді Ғабит Закария.
Полипропиленді және полиэтилен­-ді қапшықтар – экологиялық таза әрі қауіп­сіз өндіріс. Сондықтан жұмыс­шылардың өндіріс жұмысы қызмет­керлердің денсаулығына кері әсер ет­пейді. Қызметкер дегеннен шығады, «Полимер Продакшн» компаниясын­да қызмет істейтін жұмысшылардың орташа айлық жалақысы – 200-300 мың теңге көлемінде. Жұмысшылар 3-4 ауысым есебімен тәулік бойы жұмыс істейді. Жұмысшылардың барлығы жер­гілікті болғандықтан, вахталық әдіс­тің орнына ауысымдық әдісті таң­даған.

                                            Қаптардың түрлері қандай?

Компанияның полипропилен қап­тамалары жоғары химиялық төзімді. Сондықтан мұндай қаптамаларда бей­органикалық қышқылдар мен сілті­лер­-ді сақтауға қолайлы. Одан бөлек, спирт­тік өнімдер, эфирлер, еріткіштерді де сақтауға болады. Мұндай қаптамалар жоғары технологиялық сапада өнді­рі­леді. Қандай жоғары температурада ұс­талса да, өзінің механикалық қа­сиетін жоғалтпайды және оңайлықпен жыртылмайды. Ол аздай биаксиалды-бағытталған қаптамалар газ бен суға да төтеп бере алады. Мұндай икемді қам­тамалар көбіне азық-түлік, темекі өнім­дерін қаптауға қолданылады. Не­гізінде, мұндай қаптамалармен жоғары темпе­ратуралы зарарсыз­дан­дыруды талап ете­тін тауарларды қаптайды.
Биаксиалды қаптамалар икемді бол­ғандықтан, мұндай қамтамаларды ла­минаттауға да, металдандыруға да, тіпті басып шығаруға да болады. Сондықтан көбіне мұндай қаптамаларды тоқыма бұйымдарын орауға қолданады. Қапта­малардың сыртқы түрі жылтыр әрі мөлдір келеді, икемділігі және созылу беріктігі жақсы. Басқа қаптамалардан артықшылығы да осында. Тағы бір ар­тықшылығы қаптама иіс, бу өткізбейді. Полимердің арнайы қабатының ыс­тыққа да төзімділігі бар. Көбіне мұндай қамтамалармен күнделікті тұтынатын тауарларды қаптайды. Мысалы, темекі, шоколад, парфюмерия, ет, ірімшік, шай қаптамалары, сусабын, сыра, печенье секілді дүниелерді қаптауға қолайды.
Биаксиалды қаптамалардың негізгі үш түрі бар. Біріншісі – мөлдір қаптама. Көбіне мұндай мөлдір қаптамалармен азық-түлік, тәтті тағамдардың сыртын орайды. Себебі оларды сақтауда мөл­-дір қаптамалар ауадай қажет. Тіпті кең­се тауарлары мен тоқыма өнімдерін де қаптауға болады. Мұндай өнімді сатып алған тұтынушы тауардың сапалы екенін сыртқы қабығынан-ақ бай­қайды. Ал жылтыр қаптама, тауарды тартымды көрсетеді. Мұндай қапта­ма­сы бар тауарларды пайдаланған ана­ғұрлым жеңілірек. Төменгі темпера­тураға төзімді келеді және жылтыр қап­тама тауарды шағын қылып көр­сетеді. Қаптаманың ақ түрін баспа са­ласында қолдануға болады, әсіресе, этикеткалар шығарғанға жақсы. Сол сияқты, үшінші түрі металданған қап­таманың сыртқы формасы фольгаға ұқсайды. Мұндай қаптамалар тамақ өнімдерін қаптағанға қолайлы. Қапта­малар тек тауарға көрік беріп қана қой­майды, тамақ өнімін түрлі иістер мен жа­рықтардан қорғайды. Сондай-ақ металданған қаптаманың бактери­цид­тік қабілеті күшті, бұл өнімнің сақ­тау мерзімін ұлғайтуға көмектеседі.
«Полимер Продакшн» компаниясы полипропиленді қапшықтар шығару­мен де айналысады. Компания қаптар­дың бірнеше түрін шығарады. Мәсе­-лен, Ad*Star ® деп аталатын 25 және 50 келілік қаптар австриялық Ad*Star технологиясы бойынша тігіледі. Бұл қазіргі таңдағы ең икемді әрі қолайлы қаптар. Мұндай қаптарға тыңайт­қыш­тар, химикаттар, ұн, қант, жануарларға арналған тағамдар сақтауға болады. Қаптар оңайлықпен жыртылмайды, се­бебі оның мықтылығы жасалу техно­логиясының сапалылығында. Тіпті қапты кесіп жібергеннің өзінде, оңай­лықпен ажырамай, ішіндегі сақталған затты ұстап тұрады. Ал екіншісі – үш­қабатты полиэтилен қаптар. Бұлар бір­қабатты қапқа қарағанда оптикалық жағынан төзімді келеді. Мұндай қаптар ылғалдан, оттегіден сақтайды. Қаптар­мен әсіресе, фаст-фуд өнімдерін қап­тағанға қолайлы. Сондай-ақ ауыл­ ша­руашылығында және құрылыста пай­даланылады. Қаптар өнімді ұзақ уақыт сақтай отырып, құрамын қалыпты ұс­тап, кеуіп кетуден, бүлінуден, сыртқы ортаның әртүрлі зиянды әсерінен қор­ғайды

                                    Импорттық шикізатқа тосқауыл қоймақ

«Полимер Продакшн» полиэтилен­-ді пленкалар мен полипропилен қап­тарын шығару арқылы индустрия­лан­дыру картасына енгізілген жобаның өндірісін толықтай іске қосты, сөйтіп, тағы да жүздеген жұмыс орны ашы­луына жол ашты. Қазіргі уақытта «Ұлт­тық индустриалды мұнай-химия тех­нопаркінде» қуаты 500 мың тонна по­липропилен шығаруға жететін инте­грацияланған газ-химия кешенінің құрылысы басталды. Бұл кешен іске қосылған кезде 600-дей адам жұмыс­-пен қамтылмақ. Мұндай өндіріс Қа­зақстанда бұрын болған емес, себебі бұ­ған дейін полипропилен қабықша­сына деген сұранысты шетелдік им­портты өнімдер қанағаттандырып кел­ген болатын.
«Атырауда мұнай-химия кешені аясында газды қайта өңдеу арқылы по­лиэтилен және полипропилен түйір­шік­терін өндіруді жоспарлап отырмыз. Осылайша, біздің мекеме отандық ши­кі­затты пайдалану арқылы, импорттық шикізатқа тосқауыл қоймақ. Біздің мұ­ратымыз – халыққа жоғары сапалы, технологиялық таза және адам денсау­лығына қауіпсіз өнім беру. Біздің құн­дылықтарымыз – ашықтық, жасалу технологиясын сақтай отырып клиент­тердің сұранысын қанағаттандыру. Біз өзіміздің өнімдерімізді даярлай оты­рып, пайдаланушылар мен тұты­ну­шылар алдындағы жауапкершілікті сезінеміз. Біздің өндірісіміз жоғары сапаға бағытталған. Сондықтан біз ал­дағы уақытта тек еліміздің нарығын ғана емес, көршілес елдердің де нары­ғын өнімдерімізбен қамтамасыз еткіміз келеді дейді бас директор.

                                                   Табысты жұмыс жалғасуда

Атырау облысында бүгінгі таңда полимерлік өнім шығарушы «Полимер Продакшн» компаниясынан бөлек, «Лум­пан Каспиан Фармасьютикалс» фармацевтикалық зауыты, түйе мен қой жүндерін терең өңдеп, тігіншілік кәсіппен айналысатын «Атырау Пош», консервіленген көкөніс өнімдерін шы­ға­ратын «Атырау Агро Феликс» ЖШС өндіріс кешені табысты жұмыс жасап жатыр. Жалпы алғанда, облыста рес­пуб­­­ликаның индустриялық-иннова­циялық дамуы бағытында индустрия­ландыру картасымен жалпы құны 1,6 трлн теңге болатын 44 инвести­ция­лық жоба іске асырылуда. Алғашқы бес­жылдықта жалпы сомасы 76 млрд теңгеге 35 жоба жүзеге асырылды. Сөйтіп, 2577 адам жұмыспен қамтыл­-ған болатын. Ал екінші бесжылдықта құны 1,5 трлн теңге болатын тағы 9 жо­ба жоспарланған. Бұл дегеніміз, тағы да 3128 жұмыс орны ашылады деген сөз. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар