Тәтті түбірдің сапасы жақсы

/uploads/thumbnail/20170708195807741_small.jpg

Осыдан біраз бұрын жазғанымызда, Алматы облысындағы тәтті түбір өсірушілердің биылғы өнімін қабылдап, қайта өңдеуден өткізуге тиісті бірден-бір кәсіпорын – «Көксу қант зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алдағы науқанға толық дайын екені жөнінде айтқан едік. Бұл туралы Қамшы порталы Айқын-Ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Күні кеше аталған кәсіпорынға Алматы облысының Тал­ды­қорған аймағындағы аудандарда, нақтырақ айтқанда, Ескелді, Сарқан, Ақсу аудандарында өсірілген қант қызылшасының ал­ғашқы өнімін тиеген үлкен керуен келіп жетті. 
Биыл қант қызылшасын өсірушілер жиын-терім науқа­ны­на үлкен үміт артып отыр. Ерте көктемнен бастап, оларға мем­лекет, облыс, аудан тарапынан барлық қамқорлық пен қолдау жасалды. Тұқыммен, тыңайтқышпен, жанар-жағармаймен қамтамасыз етуде іркіліс болған жоқ. Тәтті түбірдің әр гектарына 60 мың теңгеден демеуқаржы төленетіні, алынған өнімнің әр тоннасы 13 мың теңгеден қабылданатыны жөнінде де жиі айтылған еді. Уәдеге сенген диқандар ала жаздай алқапта аян­бастан тер төкті. Табан ет, маңдай терлері ақталып, биылғы күздері берекелі болып тұр. Дәл қазіргі кезде алғашқы жиналған алқаптар мен өткізілген өнімді есептегенде, орташа алғанда, гектарынан 350-400 центнерден тәтті түбір жиналуда. Сонымен бірге қант зауытының қабылдау алаңына төгілген қант қы­зыл­шасының ірілігі де көзге бірден байқалады. Орташа алғанда әр дана тәтті түбірдің салмағы 1,5 келіге жуықтайтын көрінеді. Алдағы апталар қазіргіден де өнімді болады деген үміт зор. Мә­се­лен, 25 гектар жерге қант қызылшасының тұқымын сіңір­ген, ерте көктемнен қоңыр күзге дейін бел жазбаған Сарқан ауда­нындағы «Аққұдық» шаруа қожалығының жетекшісі Серікжан Есімжанов алғашқы өнімнің көлемі мен сапасына са­раптама жасай отырып, қорытындысында әр гектардан 650-700 центнерден айналуы мүмкін деп болжап отыр.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар