Еуразия өңіріндегі энергия қауіпсіздігі жаңа деңгейге көтеріледі

/uploads/thumbnail/20170708195807007_small.jpg

Бүгін мерейтойлық Х Еуразиялық KAZENERGY форумы шеңберінде «Еуразия өңіріндегі энергия қауіпсіздігі: жаңа ынтымақтастық механизмі» мұнай-газ конференциясы өтті. Шараны KAZENERGY қауымдастығы мен ҚХР Инженерлік академиясы және CNPC Қытай мемлекеттік мұнай-газ корпорациясымен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл туралы Қамшы порталы Бак.кз-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сала мамандары алқалы жиында Қазақстанның мұнай-газ кешенін терең дамыту, мұнай-газ Жібек жолының пайда болуы және стратегиялық тұжырымдамасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да геологиялық барлау жұмыстарының жағдайы мен перспективалары, Қарашығанақ кен орнын ұлғайту, мұнай-газ технологиялары және CNPC технологиялары және басқала да мәселелер қаралды. Ал басқосуда Энергетика Бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин, SINOPEC GROUP Қытай мұнай және химия корпорациясының төрағасы Ван Юй Пу, Халықаралық инженерлік академия және ресейлік инженерлік академия президенті Борис Гусев, «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин, PetroChina Вице-Президенті Люй Гуньсиунь сынды өз саласының білгірлері сөз сөйлеп, тақырыпты қатысушылармен бірлесе талқылады. 
Соңғы онжылдықта Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынасы тұрақты түрде өсіп келе жатқандығын атап өткен Ұзақбай Сүйлеменұлы, қарқындап дамып келе жатқан энергетика саласы ынтымақтастықтың басымдыққа ие болған салаларының бірі екендігіне кеңінен тоқталды. 
- Қазіргі уақытта қытай компаниялары инжиниринг, ұңғымалар қорына қызмет көрсету, мұнай өндіру, мұнай және газ құбырлары жүйесінің құрылысы және пайдаланылуы, мұнай өнімдерін сақтау және өткізу саласындағы қазақстандық жобаларға қатысуда, - деді ол өз сөзін нақтылай түсіп. 
Сондай-ақ, конференция аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясы мен Қытай халық Республикасының Инженерлік академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою арқылы екі ел арасындағы инженерлік ғылым мен технологиялар саласындағы ынтымақтастық нығая түсті. 
Бұл келісімде екі ел арасындағы инженерлік ғылым және технологиялар саласындағы, атап айтқанда ИҒТ тиісті салалары арасындағы байланысты қалыптастыру, мамандармен тәжірибе алмасу және басқалар бойынша ынтымақтастық көзделген. Келісімге сай, Қазақстан мен Қытайдың Инженерлік академиялары энергетика жәнен қоршаған орта саласында бірлескен зерттеулер жүргізеді. Стратегиялық ғылым мен технологиялық саясат бойынша форумдар және Жібек жолының экономикалық белдеуін дамыту, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, көліктік жүйелер, ақпараттық технологиялар және коммуникациялар, инженерлік білім беру және басқа да маңызды қоғамдық мәселелер бойынша бірлесіп демеушілік жасалатын өңірлік немесе халықаралық ғылыми конференциялар өткізеді болжануда.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар