Қырғызстанның Ыстықкөл аймағындағы "Рух Орда" мәдени орталығында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналып тұрғызылған ескерткіш алынып тасталған. Бұл туралы қырғызстандық kaktus.media порталы хабарлады.
Суретте белгіленген жерде бұрын Назарбаевқа арналған ескерткіш тұратын. Ал қазір жоқ.
Ескерткіш 2005 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың 65 жылдығына орай тұрғызылған.
Басылым туристердің видеосына қарап ескерткіш бір жыл бұрын алынып тасталған болуы мүмкін деп топшылайды. Өйткені 2021 жылдың ортасында түсірілген видеолардың бірінде ескерткіш орнында жоқ. Ал 2020 жылғы видеода орнында тұр. Экс-президентке арналған ескерткіш неліктен алынып тасталғаны әзірге белгісіз.
Пікір қалдыру