"Пара беруге итермелеген". Өзін әскери генерал ретіне таныстырған күдіктіге сот үкімі шықты

/image/2022/07/22/crop-37_4_305x542_2021_06_02_510b02511c625b32619c264511d5ac76.jpg

Ақмола гарнизоны Әскери соты өзін әскери генерал деп таныстырған А. Әмринге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Күдікті 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтейді. 

"Әмрин ысырап ету фактісі бойынша Семей гарнизоны Әскери соты ақтау үкімін шығаруы үшін сотталушыны сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына 10 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды" делінген Антикор ақпаратында.

Хабарламада сот шешім шығарарда күдіктінің бұрын сотталғанын, пара беруге оқталғанын ескергені айтылады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар