Кезекті қаржы пирамидасының жолы кесілді

/image/2022/07/22/crop-139_97_525x933_photo1658479687.jpeg

Қаржылық мониторинг агенттігі елордалық департаменті "World Business Consulting" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлады.

"Тергеу органы қаланың сенгіш тұрғындарымен түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған тұлғаларды анықтады. Бұл ұйым өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсетеді. Департаментте қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде" делінген ақпараттық хабарламады.

Маусым соңында сот "World Business Consulting" қаржы пирамидасының басшыларын 8 айдан 5, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Олар 2018-2021 жылдары қаржы пирамидасына 5,8 млрд теңге қаржыны заңсыз тартқан деп айыпталған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар