Қазгидромет алдағы үш күнде оңтүстік және оңтүстік-шығыста өте қатты ыстық сақталатынын мәлім етті.
Синоптиктердің дерегінше, республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады 25 шілдеде елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Елдің оңтүстік-шығысында ғана кезең бойы жауын-шашынсыз ауа райы болмақ, шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Күндізгі уақытта ауа температурасы төмендегідей шамада болады деп болжанып отыр:
Батыста +27 +42°С-тан +23 +35°С-қа дейін;
Солтүстік-батыс, орталық өңірлерде + 25 +38°С;
Республиканың солтүстігінде, шығысында +22 +30°С;
Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +34 + 46°С дейін.
Пікір қалдыру