Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының қатысуымен дөңгелек үстел өтті

/image/2022/08/01/crop-73_123_423x752_283318796_384225333746998_2606043621518006931_n.jpg

Алматы қаласының Республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы мүшелерінің отырысы өтті. Оның шеңберінде ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының қызметімен танысу өткізіліп, кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер және оларды шешудегі қауымдастықтың рөлі талқыланды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Ғалымжан Махан өз сөзінде ел Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды атап өтті.

"Еліміздің Негізгі Заңының 33 бабына 56 түзету енгізілді. Өзгерістер Конституцияның тағдыршешті мәні бар баптарының үштен біріне қатысты болмақ. Олар суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу; бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу; Парламенттің рөлін күшейту және мәртебесін арттыру үшін құқықтық база жасайды; халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту; азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту" деп атап өтті ол.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Қайрат Айтбай атап өткендей, қауымдастық қызметінің үш басым бағыттарының бірі: өкілдік ету, оның мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік органдарда қорғау.

Қауымдастық қызметінің екінші маңызды бағыты: қолданыстағы құқықтық базаны талдау және кәсіпкерлік саласындағы қазақстандық заңнаманы жетілдіру бойынша есептер, ұсынымдар дайындау.

Қауымдастық осы норма шығару қызметіне белсенді қатысуға және өзінің сындарлы ұсыныстарын енгізуге ниетті.

"Біз ҚХА депутаттық корпусымен, Үкіметпен және басқа да құрылымдармен тығыз байланыста боламыз", деп атап өтті қауымдастық мүшелері.

Қауымдастық қызметінің үшінші бағыты – Қазақстан этностарының тарихи шығу елдерінен шетелдік инвестицияларды, технологиялар мен инновацияларды тарту.

"Аталған бастаманы жүзеге асыруды біз ҚХА серіктес-шетелдік достар клубын ілгерілетуден көреміз, ол іскерлік байланыстардың дамуына және елімізге инвестициялар тартуға ықпал етер еді. Көптеген этномәдени бірлестіктерде бұл жұмыс сәтті жүргізіліп жатқаны белгілі. Бірақ, кез-келген жұмыста бірге істеу керек нәрселер бар" деді өз сөзінде Қ.Айтбай.

Возможно, это изображение 14 человек и в помещении

Сонымен қатар, Қауымдастық "Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының жастар қанатына" баса назар аударады. Бұл бағыттың мақсаты кәсіпкерлердің жас буынының идеялары мен бастамаларын қолдау. Жастар Қазақстанның барлық этностары арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытудың локомотивіне айналады деген сенім бар.

Жас кәсіпкер, Қауымдастықтың вице-президенті Арман Баевтың басшылығымен "бір терезе" режимінде идеялар, ұсыныстар мен ұсынымдар жинау бастамасы іске қосылады, ол туралы ол өз сөзінде егжей-тегжейлі айтып берді.

Жиын барысында қатысушылар алдағы республикалық референдумды талқылады. Конституцияда қандай өзгерістер болады және бұл болашақта бизнес саласында қалай көрініс табатыны туралы айтылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті – Абдулла Исматуллаев және ҚХА қауымдастығының басқа да мүшелері өз идеялары мен ұсыныстарын білдірді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар