Сот шешімі: Болат Назарбаев бұрынғы әйелін өзінің тегінен бас тартқыза алмай жүр

/image/2022/08/15/crop-27_6_784x1394_5eatzsajpge-pic_32ratio_900x600-900x600-54295-1440x810.jpg.webp

Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Гүлнұр Назарбаева сот арқылы экс-жұбайының тегін сақтап қалды, деп хабарлады orda.kz

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Зәуре Кейкібасова Болат Назарбаев өкілінің оның бұрынғы әйелі Гүлнұр Назарбаеваны "Назарбаева" тегінен айыру туралы арызын қарауға негіз жоқ деп тапты.
 
Болат Назарбаев пен Гүлнұр Дүйсебаеваның (бұрынғы тегі) некесі 2009 жылғы 25 тамызда Алматы облысы Жамбыл аудандық АХАЖ бөлімінде тіркелген. Неке тіркелгеннен кейін Гүлнұр Дүйсебаева күйеуінің тегін алған. 2013 жылы ол жеке куәлік, 2018 жылы Гүлнұр Назарбаеваның атына төлқұжат алған.

2021 жылғы 18 наурызда Қарасай аудандық соты ерлі-зайыптылар арасындағы некені жарамсыз деп таныған. Неке бұзылғаннан кейін Назарбаев бұрынғы әйелі бұдан былай тегін алып жүруге құқығы жоқ деп есептеп, соттан бұрынғы текті өзгерту актісін жойып, Гүлнұр Назарбаеваның құжаттарын жарамсыз деп тануды сұрайды. 2021 жылдың 28 қыркүйегінде сот Болат Назарбаевтың талап арызын қанағаттандырған.

Алайда Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бұл шешімнің күшін жойып, Гүлнұр бұрынғы жұбайының тегінде қалған. Себебі, ерлі-зайыптылардың тегін некеге дейінгі тегіне ауыстыру мәселесін жеке талап арызбен емес, неке жарамсыз деп танылған кезде сот шешеді делінген жауап беріледі.

Болат Назарбаевтың өкілдері Гүлнұрды тегінен айыру бойынша істі Жоғарғы сотқа дейін апарған. Бірақ судья Кейкібасова апелляциялық сот дұрыс шешім шығарғандықтан, істі Жоғарғы соттың қарауына негіз жоқ деп санады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар