Тоқаев қант дағдарысын реттей алмаған Сұлтановты қызметінен алды

/image/2022/08/15/crop-8_26_509x904_crop-180_15_701x934_96836574-794b-4823-9bb4-aa260f6e7981.jpg

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қызметінен кетті.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды" делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпараттық хабарламада.

Бұған дейін президент Бақыт Сұлтановқа қант тапшылығы, одан туған қымбатшылыққа жол бергені үшін сөгіс жариялаған.

Сауда және интеграция министрлігін уақытша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин басқарады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар