Бақыт Сұлтанов жаңа қызметке тағайындалды

/image/2022/10/07/crop-5_16_525x934_m17dwqjt.jpg

Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқасының мүшесі болып тағайындалды. 

"Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 6 қазандағы шешімі бойынша, Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа мүшесі (министрі) болып Бақыт Сұлтанов тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік мәселелері енеді", – делінген хабарламада.

14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Сұлтановқа, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған болатын. Тамызда Бақыт Сұлтанов премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар