Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов "мемлекетке сатқындық жасау" және "тыңшылық" баптары бойынша кінәлі танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
"2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М.Шайхутдиновты ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сондай-ақ, қылмыстық іске қатысы бар Леонид Скаковскийдің (ҚК-нің 175-б. 1б. – мемлекетке опасыздық жасау) және Олег Жданның (ҚК-нің 176-б. – тыңшылық) кінәсі толық дәлелденді. Олар сәйкесінше 11 жыл 3 айға және 11 жылға бас бостандықтарынан айырылды" делінген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комиетінің хабарламасында.
Биыл наурызда қызметінен босатылған Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновке тыңшылық жасады және мемлекеттік құпияны жариялады деген айып тағылған еді.
Пікір қалдыру