Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті

/image/2022/10/07/crop-11_97_697x1239_whatsapp-image-2022-10-07-at-13.32.24-2.jpeg

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты 2022 жылғы 6 қазанда «1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық және оның салдары: зерттеудің жаңа дереккөздері, мәселелері мен болашағы» тақырыбында республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференция Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранты бойынша «1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық және оның зардабы (жаңа мұрағат және жазба дереккөздер негізінде)» атты ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Конференцияға ғалымдар, қоғам қайраткерлері, докторанттар, магистранттар, орта мектептегі тарих пәнінің мұғалімдері мен студент жастар қатысты. Атап өтсек, Ресей Ғылым Академиясы Сібір бөлімі Тарих институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор В.М. Рынков (РФ, Новосибирск қ.): «Продовольственные кампании в России в начале XX в.: опыт борьбы с предпосылками голода и инвестиций в развитие территорий», Алтай мемлекеттік университетінің шығыстану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Ю.А. Лысенко (РФ, Барнаул): «Продовольственная политика Советской власти в Казахстане в период Гражданской войны», Украина ҰҒА М.С. Грушевский ат. Украин археография және деректану институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты В.В. Грибовский (Украина, Киев қ.): «Голод на Никопольщине в свете советской периодики 1921-1923 гг.», П.П. Ершов ат. Ишим музей кешенінің ғалым хатшысы Г.А. Крамор (РФ, Ишим қ.): «Антология исследовательских и архивных материалов «Двадцать первый. Красная весна» как источник информации о Западно-Сибирском восстании 1921 года» тақырыптарында баяндамаларын жасады. 

nj

Өз елімізден Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтынан бас ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Т. Қапаева «Некоторые аспекты теории и методологии изучения голода 1921-1922 гг.», жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты С.А. Асанова «Десоветизация национальной истории на примере голода  1921-1922 гг.», кіші ғылыми қызметкері, тарих магистрі А.А. Бекенова «1921-1922 жылдардағы балалардың жағдайы», кіші ғылыми қызметкері, тарих магистрі А.Н. Конкабаев «1921–1922 жылдардағы қазақ ауылындағы ашаршылықтың ерекшеліктері» және осы институттың Астана қаласындағы филиалының директоры, PhD докторы М.М. Қозыбаева «Участие иностранных организаций в помощи голодающим в 1921-1922 гг. в Казахстане» тақырыптарында мәселе көтеріп, тұжырымдарын жасады. Ал, басқа еліміздің түкпір – түкпірлерінен мәселен, М. Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Л.А. Гривенная «Крестьянское вооружённое сопротивление начала 1920-х годов в казахстанском дискурсе», Қ. Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университетінен, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ә.Б. Аман «1921-1922 жылдардағы Қазақстанның Батыс өңіріндегі ашаршылық және оның демографиялық салдары», ҚР Ұлттық архивінің археографы А.Б. Айтенова «Голод в Казахстане в 1921-1922 гг.: на примере Кустанайской губернии», Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейі, тарих және археология бөлімінің аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Н.М. Тукешева «Голод 1921-1924 гг. в Уральской губернии: социально-демографические аспекты (по материалам государственного архива Западно-Казахстанской области)», М.Х. Дулати ат. Тараз өңірлік Университеті, Тарих және география кафедрасының аға оқытушысы Н.Н. Биназарова  «Голод 1921-1922 годов – ужасы судьбы» және Л.Т. Байкеева «Қазақ даласындағы ашаршылық және оның салдары», Қостанай қ. №8 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ж.А. Кажимуратова «1921-1922 жылдарындағы ашаршылық» М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 4 курс студенті Д.А. Ізтілеуова «1921 – 1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық және оның салдары: зерттеудің жаңа дереккөздері, мәселелері мен болашағы» және А. Байтұрсынов ат. Қостанай өңірлік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Р. Байдалы «Орталық және жергілікті билік органдарының аштықпен күреске қатысуы» тақырыптарында оз ойларын ортаға салды.

m

Бұл конференцияда зерттеуші ғалымдар, мен архив қызметкерлері әлі жарияланбаған архив қорларындағы деректерін 50-аса тыңдарманның алдында тұшымды ой қорытты. Мәселен ғылыми айналымда «1921-1922 жж.» аштық деп негізделген тұжырымды яғни аштықтың хронологиясын 1920-1924 жж. дейін ұзарту жөнінде айтылып, большевиктік биліктің саяси конюктураға байланысты аштықтың жылын қысқартты, шетелдің халықаралық ұйымдардың ашыққандарды құтқарудағы қызметі большевиктік билікке ұнамағаны айтылды. «Голод Повольже», «Десоветизация» деген ұғымдар талданып, ресейлік және отандық ғалымдар арасында мәмлелі талқылау болды. «1920-шы және 1930 жж. ашаршылықтың айырмашылығы» деген көптің сұрағына ғылыми дәлелді жауаптар берілді. 1930 жж. ашаршылық этникалық сипат алды, қазақ халқы тікелей зардап шекті делінді. Украиналық ғалымның аштықпен күрес жөніндегі шетелдік ұйымдардар барлық жерде жұмыс атқарған жоқ, ашыққандарға көмек таптық принціпке негізделді деп тұжырымдады. Ресейлік ғалым В.М. Рынков патша үкіметі кезіндегі ашаршылыққа қазақ жеріндегі «жұтқа» тоқталып, ашыққандарға нан сатылып, болашақ егіннің түсімі бойынша кредитке берілді, Түркістан және далалы өлкелерде ашыққандарға түрлі қара жұмыстар ұйымдастырылып, көмек берілгенін кесте түрінде баяндаса Салтанат Амиргалиевна қазіргі таңда «десоветизация» терминінің өзекті екенін баса айтты.

Қорыта айтқанда жоба жетекшісі М.Қозыбаева мен модератор А.Т. Қапаева баяндамашылар мен келіп түскен материалдар негізінде резалюция қабылдап, конференцияның жинағын шығаруды жоспарлауда.


Байдалы Рауан, PhD доктор,
А.Байтұрсынұлы атындағы
Қостанай өңірлік университеті

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар